Қоғам

Қазақстанда COVID-19 бен пневмониядан қайтыс болғандар саны күрт өсті

© REUTERS / BENOIT TESSIERВрач в защитной маске стоит, опираясь на стену, в больнице с коронавирусом
Врач в защитной маске стоит, опираясь на стену, в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2021
Жазылу
Бір тәулік ішінде індет бірден 57 адамның өмірін жалмады, мыңға жуық науқас ауруханада ауыр жағдайда жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде  – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 бен коронавирус белгілері бар пневмониядан бір тәулікте қанша науқас көз жұмғанын хабарлады.

Бір тәулікте 47 науқас коронавирустан, ал 10 пациент ковидтік пневмониядан қайтыс болды.

15 шілдедегі мәлімет бойынша 47 828 адам коронавирус инфекциясынан (46 306 КВИ+ және 1 522 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 280 пациент стационарда, 32 548 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 919 адамның жағдайы ауыр,
  • 212 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 126 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді – жаңа қаулыда не айтылған

Жаңалықтар
0