Электронды үкімет

Жұмыссыз қалған 70 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды

80
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскер eGov.kz порталы арқылы өтінім беру қажет

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанда 70 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 70,3 мың адамды құрады. Оның ішінде биыл 47 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-іне дейінгі мөлшерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорындағы қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік төлем алу үшін не істеу қажет

  • Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:
  • eGov.kz порталында авторизациялану;
  • "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
  • онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
  • бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады).

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі орташа зейнетақы мөлшерін жариялады

Айта кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.

80
Кілт сөздер:
жұмыссыздық, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек
 Архивтегі фото

Коронавирус пен пневмония тағы 100 адамның өмірін жалмады

475
(Жаңартылды 10:57 31.07.2021)
Елімізде бір тәулікте 7 600-ден астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 330-дан астам науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустан 86, пневмониядан 14 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 шілдедегі жағдай бойынша 95 998 адам (93 366 КВИ + және 2 632 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 27 004 науқас ауруханада, 68 994 науқас амбулаторлық деңгейде емделуде.

"86 адам коронавирустан, 14 адам пневмониядан қайтыс болды. 1 677 науқас ауыр жағдайда, 349 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, 334 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар 29 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 309 адамнан анықталған, 110 адам жазылып шықты.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты 

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы 7 691 адамнан табылды. Көбісі Нұр-Сұлтан (1518) мен Алматыда (1511) тіркелді.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Түркістан облысы.

475
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Пробирка с тестом на коронавирус

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты

58
Нұр-Сұлтанда 1 518, Алматыда 1511, Қарағанды ​​облысында 964 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 691 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 7 778 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1518
  • Алматы қаласы - 1511
  • Шымкент қаласы - 477
  • Ақмола облысы - 253
  • Ақтөбе облысы - 332
  • Алматы облысы - 300
  • Атырау облысы - 417
  • Шығыс Қазақстан облысы – 216
  • Жамбыл облысы - 247
  • Батыс Қазақстан облысы - 159
  • Қарағанды облысы - 964
  • Қостанай облысы - 245
  • Қызылорда облысы - 257
  • Маңғыстау облысы - 236
  • Павлодар облысы - 280
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 155
  • Түркістан облысы – 124.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 572 576.

58
Кілт сөздер:
статистика, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Портфель, архивтегі фото

"Мен сізді аяймын, апа": Маңғыстауда әкім тойға келген қонақтардың алдынан шықты видео

0
Шенеунік той тойлауға келген әжейге бір күнде 14 адам өлгенін, қазір 1400 адам ауруханада жатқанын жеткізіп, карантинді сақтауды өтінді  

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамханаға тойға келген қонақтарды қарсы алып, үйге кері қайтуын сұрады, деп жазды Lada.kz.

Мұнайлы ауданында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантиндік шаралар енгізілгеніне қарамастан, жауапсыз тұрғындар той өткізбек болды.

Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамхана алдында қонақтарды қарсы алды. Шенеунік көлікте отырған әжейге карантинді сақтау қажеттігін түсіндіріп жатқанда рейд қызметкерлері осы сәтті видеоға түсіріп алыпты.

"Мен сізді аяймын, апа. Бүгін облыста 14 адам өлді. Құдай сақтанғанды сақтайды. Қазір 1400 адам ауруханада жатыр. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтіңіз, келін, балаларыңызды, мына кішкентай сәбиді ойлаңыз", – деді әкім өтпей қалған тойдың қонақтарының біріне.

0