Тюльпаны у мечети в Алматы

Бірнеше өңірде Құрбан айтқа байланысты бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

2204
Құрбандыққа шалынған малдың етін мұқтаж жандарға тарату ісімен айналысатын адамдар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Еліміздің бірнеше өңірінде Құрбан айтты мерекелеуге қатысты шектеу шаралары көрсетілген жаңа қаулы қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің №17 және Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың №14 қаулысына сәйкес, екі өңірдегі барлық ұйымда, сондай-ақ жеке үйлер мен медреселерде адам көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.

Сондай-ақ автокөлік пен жекеменшік үйлерден мал сатуға тыйым салынған. Мал сою мен мал сату ветеринарлық қызметтің ресми ветеринарлық-санитарлық қорытындысын алған сою пункттерінде жүргізіледі. Ол жерде күшейтілген ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Карантин кезіндегі айт намазы: қандай шектеулер енгізілді

Құрбандыққа шалынған малдың етін мұқтаж жандарға тарату ісімен айналысатын адамдар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет.

Меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар қаулыны орындауға міндетті.

Павлодар облысында қаулы 2021 жылдың 16 шілдесі сағат 00:00-ден бастап 23 шілдеге дейін қолданыста болады.

Алматы облысында қаулы 2021 жылдың 16 шілдесі сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар Алматы облысында Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру мәселелерін халыққа түсіндіру үшін Call-орталық іске қосылады.

Құрбан шалу рәсімі қалай өтеді

Биыл барша мұсылманның ұлық мерекесі – Құрбан айт 20-22 шілдеге түсіп тұр. Құрбан айттың бірінші күні 20 шілде – демалыс.

2021 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен өткізіледі:

  • Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып құрбан шалу, яғни дәстүрлі жолмен ұйымдастыру.
  • Бүгінгі пандемия жағдайында құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткен жылдың тәжірибесі негізінде www.qurban2021.kz сайты арқылы тапсырыс беріп, онлайн режимде құрбандық шалу.
2204
Кілт сөздер:
карантин, коронавирус
Тақырып:
Құрбан айт 2021 (17)
ASHYQ қосымшасы

Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді

9
Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырған адам Ashyq қосымшасында 14 күн бойы "қызыл" статуспен тұрады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін Ashyq-та "жасыл" статус беріледі. Егер вакцина салғызған адам коронавирус жұқтырса, оның статусы қалай өзгереді? Егер статус "қызылға" ауысса, оған "жасыл" статус қалай қайтарылады?", - деп сұрады журналист эпидемиологиялық ахуал туралы баспасөз мәслитында.

"Бізде жүйе интеграцияланған. Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады. "Қызыл" статус 14 күн бойы сақталады. Екі апта өткен соң, ол автоматты түрде "жасылға" ауысады. Өйткені адам бәрібір де вакциналанған болып саналады", - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова.

Ол бүгінде вакцина салдырғандар арасында індетке шалдыққандар өте аз екенін атап өтті.

9
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Аэропорт.  Ashyq

Ashyq-тан көк түсті алып тастау мүмкіндігі қарастырылады - денсаулық министрлігі

452
(Жаңартылды 18:59 28.07.2021)
Елімізде вакцина алған адамдар көбейген соң Ashyq қосымшасынан "көк" мәртебесін алып тастау мүмкіндігі қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ashyq қосымшасынан көк түс алынып тасталуы мүмкін, деді денсаулық министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде Ashyq бағдарламасында ПТР-тест тапсырмаған және науқаспен байланыста болмаған адамдар көк түспен белгіленеді. Олар вакцина алған "жасылдармен" бірге кәсіпкерлік нысандарға емін-еркін кіре алады.

"Ashyq бағдарламасынан көк түсті алып тастауға әлі ерте деп ойлаймыз. Вакцинаның бірінші компонентін 5 миллион адам салдырды. Демек, қалған 8 миллион адам көк түспен жүр. "Қызыл" мен "сары" мәртебемен жүргендер де бар ", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде Ashyq бағдарламасына жасыл түс бойынша өзгеріс енгізіліп жатыр. Алдағы уақытта вакцинаның бір компонентін алған адамдар да "жасылдар" болып белгіленіп отырады.

"Осылайша, біз адамдарды екпе алуға ынталандырамыз. Сондай-ақ көк түсті біртіндеп азайтамыз. Сондықтан әзірше көк түсті Ashyq-тан алмаймыз. Алайда вакцина алған адамдардың саны көбейгеннен кейін Ashyq-тан көк түсті мүлдем алып тастаймыз деп ойлаймын", - дейді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Мектептер Ashyq жобасына қосылуы мүмкін

 

452