Жители столицы

Қазақстанда вакцина алмаған қызметкерлерге жұмысқа келуге тыйым салынды жаңа қаулы

9038
(Жаңартылды 12:32 15.07.2021)
Жаңа шектеу тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш айда коронавируспен ауырған жұмысшыларға қатысты емес

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысқа келуіне шектеу енгізіледі.

Бұл талап тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш айда коронавируспен ауырған жұмысшыларға қатысты емес.

Шектеу қандай ұйымдар үшін енгізіледі:

  • қызмет көрсету жөніндегі объектілер (халыққа қызмет көрсету орталықтары  "Қазпошта" АҚ бөлімшелері;
  • екінші деңгейлі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пунктері, ломбардтар;
  • сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары;
  • фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар;
  • типографиялық қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер;
  • халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) нысандары, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;
  • мәдениет және демалыс объектілері (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);
  • халықтың тұруы бойынша қызмет көрсететін саланың нысандары (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқа);
  • жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;
  • білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беруді дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар;
  • санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілер (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
  • қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілер, стрит-фудтар;
  • барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);
  • денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;
  • дәріхана ұйымдары;
  • тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілері (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);
  • экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;
  • демалыс объектілері, ойын-сауық объектілері (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
  • байланыс және телекоммуникация объектілері.

Жаңа қаулы бүгін, 15 шілдеден бастап күшіне енді. 

9038
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (319)
Архивтегі фото

Қазақстан Қырғызстанға QazVac вакцинасының 25 мың дозасын жеткізді

73
Енді қырғызстандықтар Astra Zeneca, Sputnik V және басқа да шетелдік вакциналармен қатар QazVac салдыра алады

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Қырғызстанға COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастық шеңберінде QazVac инактивтендірілген вакцинасының 25 000 дозасы жеткізілді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Бішкекте көмекті тапсыру рәсіміне Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев, Қазақстан елшісі Рәпіл Жошыбаев пен медицина ұйымдарының өкілдері қатысты.

Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді

Министр Бейшеналиев елде коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына қарсы іс-қимылда маңызды қолдау көрсеткені үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.

"Енді қырғызстандықтар Astra Zeneca, Sputnik V және басқа да шетелдік вакциналармен қатар QazVac салдыра алады", - деп атап өтті ол.  

Оның айтуынша, қазақстандық вакцина халықты вакциналау пункттеріне жедел таратылады.

Қазақстан елшісі Рәпіл Жошыбаев вакцина Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жеткізілгенін айтты.

"Қырғызстан біздің достарымыз бен халықаралық серіктестеріміздің арасында бірінші болып коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны алады, бұл елдеріміз арасындағы достық пен тату көршілестік қатынастарын тағы да растайды", – деді елші.

Ол сондай-ақ Қазақстанның ізгілік көмегі көптеген адам өмірін құтқаруға және Қырғызстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға көмектесетініне сенім білдірді.

Айта кетейік, QazVac вакцинасын Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты өндірген.

2021 жылдың басынан бері ол ресейлік және қытайлық мамандар әзірлеген препараттармен қатар қазақстандықтарды вакциналау үшін қолданылады. QazVac 18 жастан асқан адамдарға салынады.

73
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (319)
ASHYQ қосымшасы

Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді

75
Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырған адам Ashyq қосымшасында 14 күн бойы "қызыл" статуспен тұрады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін Ashyq-та "жасыл" статус беріледі. Егер вакцина салғызған адам коронавирус жұқтырса, оның статусы қалай өзгереді? Егер статус "қызылға" ауысса, оған "жасыл" статус қалай қайтарылады?", - деп сұрады журналист эпидемиологиялық ахуал туралы баспасөз мәслитында.

"Бізде жүйе интеграцияланған. Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады. "Қызыл" статус 14 күн бойы сақталады. Екі апта өткен соң, ол автоматты түрде "жасылға" ауысады. Өйткені адам бәрібір де вакциналанған болып саналады", - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова.

Ол бүгінде вакцина салдырғандар арасында індетке шалдыққандар өте аз екенін атап өтті.

75
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (319)
Архивтегі фото

Жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен әкелі-балалы жолаушылар көз жұмды

0
Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан әкелі-балалы көз жұмды. Трагедия жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен болған.

36 жастағы ер адам мен 10 жасар ұлы Lada Granta көлігінде жолаушы болып отырған, деп хабарлады КТК.

Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кетеді. Қатты соққының салдарынан әкесі мен баласы сол арада тіл тартпай кетті. Ал Lada иесі ауруханаға жеткізілді.

Ақтауда жол апаты адам өмірін қиды: көлік ішінде түсірілген видео жарияланды

Howo-ны 34 жастағы жігіт тізгіндеген. Мәліметтерге қарағанда ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке жол бермей солға бұрып жіберген. Оқиғаның анық-қанығын полиция тергеп жатыр.   

0