Архивтегі фото

ҚТЖ Маңғыстауға шөп жіберіп жатқан еріктілерден ақша сұрап отыр

534
Темір жол өкілдерінің айтуынша, еріктілер мәселені әу баста дұрыс түсінбеген. Көмектесейік, бірақ бес вагоннан артық тегін жеткізіп бере алмаймыз деген көрінеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Қуаңшылық жайлаған Маңғыстау облысына жем-шөп жеткізу қиын болып тұр. Түркістан облысында шөп орып батыс өңірге жөнелтпекші болған еріктілер кедергіге тап болдық деп дабыл қақты, деп хабарлады КТК.
Мал азығын тиейтін әр вагонға тасымалдаушы компания 500 мың теңге төлеңдер деген талап қойған. Одан қалса темір жол бойында тұрғандарың үшін күніне 100 мың теңгеден бересіңдер деп доқ көрсетіп жатыр. Соның салдарынан қазір шөп тиелген 5 вагон  жіпсіз байланып, тағы сонша шөп шойын жол бойында жатыр. Жұт жайлаған өңірге көмек көрсетпек болған белсенді азаматтардың тасымалдауға төлейтін қаржысы жоқ.

Қуаңшылықтан малы арам қатқан батыс өңіріне шөп жинап жүрген еріктілерге теміржол тасымалдаушысы осыдан бес күн бұрын хабарласыпты. Олар қанша вагон қажет болса да, ақысыз шөп жеткізу біздің мойнымызда деп сендірген. Осыдан кейін еріктілер шөп тиелген бес вагонды жөнелтіпті. Бірақ арада үш күн өткенде қайырымды көрінген теміржолшылар сөзінен тайды дейді белсенді азаматтар.

"Кеше осы бес вагонды жіберейік десек, ол бұйрық өзгеріп кетті, бес вагонның әрқайсына 500 мыңнан артық ақша төлейсіңдер деді. Оның тұрғанына екі тәуліктен асып кетті, жай тұрғаны үшін бір вагонға 100 мың теңгеден төлейсіңдер деп жатыр. Бізді есепке қойғанын, ақшасы өсіп жатқанын жеткізді", - дейді ерікті Мұрат Солтанбай.

Еріктілер теміржолшылардың сөзіне сеніп шөпті көп алып қойдық дейді. Тиеліп дайын тұрған бес вагоннан бөлек, жанында жантақ, сабан, қамыс пен жоңышқаның тағы да бес вагонға сиятын бумалары жатыр. Ел аударған ақшаға шөпті сатып алу, аудандардан жеткізу мен жүкшілердің еңбегін төлеп жүрген еріктілер егер жол шығынын төлер болсақ, шөп алатын  ақша қалмайды деп отыр.

"Менде тағы 7 миллион теңге ақша бар. Енді осы қаражатқа шөп жіберуіміз керек. Мына вагондарға ақша алатын болса, қаражаттың барлығы кетейін деп тұр. Одан кейін шөп жіберу жұмысы тоқтап қалама деп уайымдап отырмыз. Ақшасын төлеп, жібере беретін шығармыз", - дейді ерікті Сайлаубай Мейірбеков.

Ал темір жол өкілдері еріктілер мәселені әу баста дұрыс түсінбеген деп отыр. Көмектесейік, бірақ бес вагоннан артық тегін жеткізіп бере алмаймыз депті. Ал вагондардың тұрғаны үшін ақша төлеу заңды нәрсе деп түсіндірді.

"Мен оған уәде бермедім, жақсы, көмектесуіміз мүмкін дедім. Қолымда ондай жауапкершілік алуға өкілеттік жоқ. Қазір "ҚазТеміртранс" өкілдері шешіп жатыр, экспедиторлар табамыз, олар рәсімдеуге келісім берсе, онда болады", - деп түсіндірді "Қазақстан темір жолы- жүк тасымалы" АҚ бас директорының орынбасары Марат Ибраев.

Онсыз да елдің ақшасына жиылған шөпке бірер вагон беру алпауыт компанияға ауыр мәселе сияқты. Еріктілер қазір 10 вагонға сиятын шөп жөнелтуге дайын дейді. Төрт түлігі аштан қырылып жатқан Маңғыстау өңіріне көмек көрсетеміз деген ел жем-шөбін әлі де әкеліп жатыр. Бірақ ол шөп батыс өңірге жөнелтілмек түгілі, вагондарға артылмай тау болып үйіліп жатыр.  

534
Архивтегі сурет

Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны туралы жаңа дерек шықты

21
Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде тіркелген Жания Азаматқызы Алматы қаласында дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанның он тоғыз миллионыншы азаматы 20 маусымда Алматы қаласында туды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

Халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 2021 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.

"Еліміздің он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде Жания Азаматқызы анықталды. Ол Алматы қаласында туған, отбасында төртінші бала", - делінген хабарламада.

Туу туралы актісіне сәйкес, нәрестенің ата-анасы Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады. Анасы – 1986 жылғы Назгүл Көбентаева, әкесі – 1982 жылғы Азамат Нұрғалиев.

Бұл ретте Ұлттық статистика бюросы он тоғыз миллионыншы тұрғын қалай анықталғанын түсіндірді. Оны анықтау кезінде табиғи қозғалыс өсімі (белгілі бір кезеңде дүниеге келгендер мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымы (ел аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма) ескерілген. Кандидатура жалпы республика бойынша, тұратын жеріне тәуелсіз анықталды.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы дүниеге келді – Тоқаев

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан халқының саны 2 557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, биыл 1 шілдеде 19 009,6 мың адамды құрады.

3 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Қазақстан халқы 19 миллион адамға жеткенін хабарлады. Мемлекет басшысы он тоғыз миллионыншы азаматтың ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтады.

21
Кілт сөздер:
Қазақстан халқы, статистика
Оқушылар

Жаңа оқу жылындағы каникул: оқушылар қанша күн демалады

351
(Жаңартылды 11:22 04.08.2021)
2021-2022 оқу жылы әдеттегідей бірінші қыркүйекте басталады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуы мен каникул датасы бекітілді.

Бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

Құжатта 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мерзімдері айқындалды.

  • 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі;
  • оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпаны аралығында).

Тағы оқыңыз: Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан күшіне енеді.

351
Кілт сөздер:
оқушылар, каникул
Тақырып бойынша
Министрлік қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды дегенді жоққа шығарды
Қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма – Аймағамбетов жауап берді
Мұғалімдер мен оқушылар теракт кезінде не істеу керектігін үйренеді
Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды