Қоғам

40 градус ыстық: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

© AFP 2024 / NOEL CELISРебенок купается в фонтане
Ребенок купается в фонтане - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2021
Жазылу
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында күндіз 40°С дейін аптап ыстық болады

АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Қазақстанда 17-19 шілде аралығында елдің басым аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек оңтүстік пен оңтүстік-батысты ыстық болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, республиканың оңтүстік-батысында құрғақ әрі ыстық болады. Кей жерде екпінді жел тұрады, солтүстікте кей жерде тұман түседі.  

Батыста ауа температурасы түнде +17...+25℃, күндіз +28...+39℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6...+21℃, күндіз +20...+36℃ болады. Елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7...+20℃, күндіз +23...+35℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде температура +12...+22°С, күндіз +29...+40°С болады.

Мегаполистегі ауа райы

Алматыда 17 шілдеде күн алабұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +27℃, түнде +18℃ болады. 18 шілдеде күн бұлтты болады, күндіз температура +30℃, түнде +21℃.

Дүйсенбі, 19 шілдеде күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +32℃, түнде +20℃.

Елордада 17 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз +26℃ жылы, түнде +12℃. 18 шілдеде ауа температурасы көтеріледі, күндіз +27℃, түнде +15℃. Көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнап, аздаған жаңбыр жауады.

19 шілдеде күн бұлтты болады, найзағай ойнап, аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +24℃, түнде +15℃.

Шымкентте 17 шілдеде күн ашық, ауа температурасы күндіз +34℃, түнде +17℃. Жексенбі, 18 шілдеде көшпелі бұлт шығады, ауа температурасы +36℃ жылы, түнде +22℃-ты көрсетеді.

19 шілдеде күн ашық болып, күндіз +37℃, түнде +21℃ жылы болады.

Жаңалықтар
0