Қоғам

Қазақстанда балаларға вакцина салынуы мүмкін

© AFP 2024 / JON CHERRYДети в масках перед началом занятий в школе
Дети в масках перед началом занятий в школе - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2021
Жазылу
Қазақстанда 12 мен 18 жасқа дейінгі балалардың саны –  шамамен екі миллион, балаларға вакцина тек ата-анасының рұқсатымен ғана салынады

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Қазақстандық балаларға Pfizer вакцинасы егілуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде әлемде қолданылатын барлық вакцина 18 жасқа дейінгі балаларға егілмейді. Әйтсе де Pfizer вакцинасы 12 жастан асқан балалар салынуда. Сондықтан біз қазіргі таңда балаларға вакцина салу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Өйткені Қазақстанда 12 мен 18 жасқа дейінгі балалардың саны –  шамамен екі миллион. Бұл аз емес. Оның үстіне елде үнді штамы таралып, соңғы уақытта балалар вирусты жиі жұқтырып жатыр", - деді Есмағамбетова брифингте.

Айтуынша, балаларға вакцина тек ата-анасының рұқсатымен ғана салынады.

Есмағамбетова америкалық Pfizer вакцинасы осы жылдың төртінші тоқсанында жеткізілетінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: ДДҰ: Балалар арасында қызылша мен көкжөтел таралуы мүмкін

Бұған дейін "Pfizer" компаниясымен вакцинаны Қазақстанға жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілгені хабарланды.

Жаңалықтар
0