Архивтегі фото

Қарындағы майдан арылудың оңай әдісі аталды

9829
(Жаңартылды 11:38 17.07.2021)
Ғалымдар корей асханасында қолданылатын соя пастасы мықындағы "проблеманы" шешуге көмектеседі деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Кореяда кең таралған твенжан соя пастасы семіздіктен арылуға көмектеседі, деп хабарлады Express.

Ғалымдар зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып осындай қорытындыға келді. Олар еріктілер тобына эксперимент жүргізді. Артық салмағы бар ерлер мен әйелдердің бір бөлігі тамаққа твенжан дәмдеуішін қосып жеді.    

12 аптадан кейін кореялық соя пастасын тағамға қосқан адамдардың салмағы едәуір төмендеген.

Мамандардың пікірінше, тәулігіне он грамм твенжан тұтыну ересектердің қарнындағы майды азайтуға мүмкіндік береді.

Ал ол жүрек-қан тамырлары аурулары мен екінші типті диабеттің даму қаупін төмендетеді.

Оқи отырыңыз: Артық салмақтан арылған қазақстандық жұлдыздар кімдер? 

Бұған дейін ғалымдар тағы бір корей тағамы – кимчи қырыққабатының коронавируспен күресте көмектесетінін айтқан болатын. Кореялық кимчидің құрамында ас қорытуға пайдалы лактобактериялар, сонымен қатар иммунитетті нығайтып, COVID-19 індетінің дамуын тежейтін антиоксиданттар мен басқа да заттар көп болып шықты.  

9829
Кілт сөздер:
арықтау, артық салмақ
Тақырып бойынша
Дәрігер кеңседе отырып қалай арықтауға болатынын айтты
Арықтауға көмектеседі: таңертең қалай тамақтану керек?
Тоя тамақ ішіп те оңай арықтауға болады – ғалымдар кеңес берді
Балалар дұрыс тамақтанбайды: дәрігер ата-аналарға пайдалы кеңес берді
Ғалымдар ұйқыда арықтаудың жолын тапты
Архивтегі фото

Қазақстан Қырғызстанға QazVac вакцинасының 25 мың дозасын жеткізді

66
Енді қырғызстандықтар Astra Zeneca, Sputnik V және басқа да шетелдік вакциналармен қатар QazVac салдыра алады

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Қырғызстанға COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастық шеңберінде QazVac инактивтендірілген вакцинасының 25 000 дозасы жеткізілді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Бішкекте көмекті тапсыру рәсіміне Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев, Қазақстан елшісі Рәпіл Жошыбаев пен медицина ұйымдарының өкілдері қатысты.

Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді

Министр Бейшеналиев елде коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына қарсы іс-қимылда маңызды қолдау көрсеткені үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.

"Енді қырғызстандықтар Astra Zeneca, Sputnik V және басқа да шетелдік вакциналармен қатар QazVac салдыра алады", - деп атап өтті ол.  

Оның айтуынша, қазақстандық вакцина халықты вакциналау пункттеріне жедел таратылады.

Қазақстан елшісі Рәпіл Жошыбаев вакцина Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жеткізілгенін айтты.

"Қырғызстан біздің достарымыз бен халықаралық серіктестеріміздің арасында бірінші болып коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны алады, бұл елдеріміз арасындағы достық пен тату көршілестік қатынастарын тағы да растайды", – деді елші.

Ол сондай-ақ Қазақстанның ізгілік көмегі көптеген адам өмірін құтқаруға және Қырғызстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға көмектесетініне сенім білдірді.

Айта кетейік, QazVac вакцинасын Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты өндірген.

2021 жылдың басынан бері ол ресейлік және қытайлық мамандар әзірлеген препараттармен қатар қазақстандықтарды вакциналау үшін қолданылады. QazVac 18 жастан асқан адамдарға салынады.

66
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
ASHYQ қосымшасы

Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді

74
Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырған адам Ashyq қосымшасында 14 күн бойы "қызыл" статуспен тұрады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін Ashyq-та "жасыл" статус беріледі. Егер вакцина салғызған адам коронавирус жұқтырса, оның статусы қалай өзгереді? Егер статус "қызылға" ауысса, оған "жасыл" статус қалай қайтарылады?", - деп сұрады журналист эпидемиологиялық ахуал туралы баспасөз мәслитында.

"Бізде жүйе интеграцияланған. Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады. "Қызыл" статус 14 күн бойы сақталады. Екі апта өткен соң, ол автоматты түрде "жасылға" ауысады. Өйткені адам бәрібір де вакциналанған болып саналады", - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова.

Ол бүгінде вакцина салдырғандар арасында індетке шалдыққандар өте аз екенін атап өтті.

74
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
5 марта 2007 г., американский солдат во время патрулирования Международных сил содействия безопасности (ISAF) под руководством НАТО в провинции Фарах в Афганистане. Война в Афганистане, начавшаяся после терактов 11 сентября, унесла жизни десятков тысяч афганцев и около 2400 американских солдат

Америка Ирактағы әскери миссиясын аяқтады

0
2017 жылы ДАИШ-тың жеңілгені туралы хабарланғанына қарамастан Иракта теракті тоқтамады. Өткен аптада Бағдад базарларының бірінде автобус жарылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. АҚШ Таяу Шығыстан алыстап барады. Ауғанстандағы әскерін шығарды, Ирактағы әскери миссиясы да аяқталып жатыр. Ресми тұлғалар терроризмді жеңдік деп мәлімдегенмен, шынайы картина мүлде басқа екені көрініп тұр, деп жазды РИА Новости.

"АҚШ үшін Таяу Шығыста Ирактың маңызы зор және менің карьерам басталған шақтан бері біз оның тыныс-тіршілігіне етене араласып келеміз", - деді АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйде Ирак премьер-министр Мұстафа әл-Каземимен кездесу барысында. 2003 жылы америкалықтар Иракқа кірген шақта қазіргі президент сенатор қызметін атқарған болатын.

Ирактағы соғыс қимылдарының аяқталғаны туралы Ақ үй алғаш рет 2010 жылы мәлімдеді. Байден ол кезде вице-президент қызметінде болды. Алайда араға төрт жыл салып ДАИШ-қа* қарсы "Мызғымас батылдық" операциясы басталды.

Енді Джо Байден елдегі әскери миссияның аяқталғаны туралы ресми түрде мәлімдеді. "Енді біздің Ирактағы рөліміз оқу-жаттығуларды жалғастыру, ирактық қауіпсіздік күштеріне қолдау көрсету аясында болады", - деп түсіндірді президент.

Басқа ешқандай мәлімет айтылған жоқ. Джо Байден тіпті желтоқсанға дейін Иракта қандай әскер қалатыны туралы сұраған журналистердің сұрақтарына да жауап бермеді. "Бұл сол уақыттағы жағдайға байланысты болады", - деді Ақ үй спикері Джен Псаки.

Пентагондағылар АҚШ "Таяу Шығыс проблемаларын елемеуді доғарып, оларды шешудің басқа жолдарын іздеу керек екенін" айтуда. Елде аз әскер қалады. Соңғы мәлімет бойынша қазір Иракта 2,5 мың америкалық сарбаз бар. Өткен жылдың соңында президент Дональд Трамп әскер санын қысқартқан болатын. Америкалық жалғыз база Айн-әл-Асад Бағдадтан солтүстікке қарай 160 километр қашықтықта орналасқан.

2017 жылы ДАИШ-тың жеңілгені туралы хабарға қарамастан терактілер жалғасып жатыр. Өткен аптада исламшылдар Бағдад базарларының бірінде автобус жарылысын өз мойнына алды. Кемінде 30 адам мерт болды.

Америкалықтарға Иран қолдау көрсетіп отырған содырлар шабуыл жасап жатыр. Наурызда Айн-әл-Асад зымыран соққысына тап болып, бір адам көз жұмды. Мамырда базаға жарылғыш заты бар пилотсыз ұшатын аппарат қауіп төндірсе, шілдеде қайтадан зымырандар шабуылдап, үш адам жараланды.

Мұстафа әл-Каземи Вашингтонмен татулықты ұстанатын премьер-министр. Сондықтан ол Иранмен байланысты топтардың жолын кесуге тырысты. Алайда жақында ғана америкалық авиацияның Сириямен шекарадағы ирандық құрылымдарға жасаған соққыларын Ирак егемендігіне қол сұғушылық деп бағалады.

Ал АҚШ премьердің елді қалпына келтірудегі орасан зор еңбегін жоғары бағалады. Маусымда Бағдадқа Иордания королі ІІ Абдулла мен Мысыр президенті Абдель Фаттах әл-Сиси келді. Бұл 1990 жылдан бері елге келген алғашқы мысырлық көшбасшы.

АҚШ COVAX халықаралық бағдарламасы аясында Иракқа 500 мың доза Pfizer вакцинасын жеткізуге келісті. Байденнің айтуынша алдағы екі аптада препарат Иракқа жетеді. Қазір елде ауру жұқтырғандар саны артып, ауруханаларда өрт жиіледі. Бұдан бөлек Вашингтон парламент сайлауына бақылау жүргізу бойынша БҰҰ миссиясына 5,2 миллион доллар бөлетін болды.

Бірақ РИА Новости сауалнамасына жауап берген барлық сарапшы АҚШ-тың Ирактан түбегейлі кетуі туралы сөз қозғалмағанын айтты.

"Вашингтон бұл стратегиялық алаң үшін ұзақ күресті. Сондықтан әскерді шығару туралы мәлімдеме саяси астары бар әрекет болуы мүмкін. Себебі америкалық сайлаушыларға берген уәдені орындау керек. Ирак қоғамының пікірі де маңызды. Жергілікті саясаткерлер Мұстафа әл-Каземиге қысым көрсетіп жатыр. Елдегі саяси ахуал да мәз емес", - дейді Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің сарапшысы Елена Супонина.

"Жеті жыл бұрын АҚШ Иракқа қайта оралған кезде терроризммен күрес ақиқатқа айналды. Америкалықтар ДАИШ-ты* жеңуде үлкен рөл атқарды. Әрине, олар қолданған әдістерге қатысты біршама сұрақ туындайды. Ал қазір Ирак билігінің өзі америкалықтардың елден кетуін сұрады", - дейді шығыстанушы және публицист Андрей Онтиков.

Алайда Шығыстану зерттеулері орталығының ғылыми қызметкері Данила Крылов АҚШ әскери қызметкерлері бірден үйлеріне қайтуы екіталай екенін айтты. "Бір араб елінен екінші араб еліне қарай орын ауыстыруы ықтимал. Сирияға қарай бағыт алуы мүмкін. Ресейдің қорғаныс министрлігі Ирактағы америкалық әскерилер Сирия базаларына тұрақтап жатқанын бірнеше рет айтқан болатын", - деді сарапшы.

Америкалықтардың көбі өздері терроризммен күресіп, басқа өңірге назар аудармаған шақта Қиыр Шығыста Қытай өз қауқарына мінді деп санайды. Енді АҚШ үшін бұл ел нағыз қауіпке айналды.

*Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

0