Қоғам

Алматы әуежайының қызметкерлері жалған ПТР-анықтама сатып келген

© AFP 2024 / HECTOR RETAMALЖолаушылар, архивтегі сурет
Жолаушылар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
Әуежай қызметкерлеріне әуе компаниясының өкілдері де көмектескен, барлығы жиырма шақты жалған анықтама сатылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Алматыда жалған ПТР-анықтамаларын сатқаны үшін әуежайдың екі қызметкері ұсталды.

Алматы қаласы ПД криминалды полиция басқармасы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, халықаралық әуежай аумағында жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде әуежайда істейтін 29 жастағы әйел мен 28 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер шетелге ұшатын азаматтарға коронавирус жұқтырмағаны туралы жалған ПТР-тест сатқан. Барлығы 15-20 анықтама сатылған.

Ұсталғандар ПТР-тесті ұялы телефондағы қосымша арқылы өздері жасаған.

Олар клиенттің анкеталық деректері мен анықтама датасын өзгерткен. Ал жолаушыларды ұшақ бортына өткізуге әуе компаниясының өкілдері көмектескен. Түскен ақшаны өзара бөліп алған.

Тағы оқыңыз: Полицейлер вакциналау паспортын сататын дәрігерлер қандай қулық жасайтынын анықтады

"Қазір жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда", - деп мәлімдеді ведомство.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Сатушылар" уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар
0