Медик делает пациенту прививку от коронавируса

Тоқаев вакцина салдыруға мәжбүрлеу жайлы: біз бұған бармаймыз

2735
(Жаңартылды 16:23 19.07.2021)
Президент вакцина салдырғысы келмейтін адамдармен жұмыс істеуде сараланған әдісті қолдану қажет екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Вакцина салдырудан бас тартатын қазақстандықтарды ешкім мәжбүрлемейді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Президент вакцина салдырғысы келмейтін адамдармен жұмыс істеуде сараланған әдісті қолдану қажет екенін айтты.

"Бұл біртекті топ емес. Вакцинадан бас тарту себептері әртүрлі. Мұндай адамдар арасында екіұдай пікірде жүргендер де бар. Бүкіл тетікпен, соның ішінде әлеуметтік желі арқылы оларды сендіру қажет. Батыстың кейбір дамыған елдерінде сендіруден мәжбүрлеу әдістеріне көшіп жатыр. Біз бұған бармаймыз", - деді Тоқаев коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

Десе де, мемлекет басшысы ірі еңбек ұжымдарында міндетті вакцинация енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Өйткені кейбір "қыңыр" антиваксерлердің кесірінен өз отбасыларын асырап отырған азаматтарымыздың денсаулығын қатерге тіге алмаймыз", - деді президент.

2735
ASHYQ қосымшасы

Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді

6
Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырған адам Ashyq қосымшасында 14 күн бойы "қызыл" статуспен тұрады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін Ashyq-та "жасыл" статус беріледі. Егер вакцина салғызған адам коронавирус жұқтырса, оның статусы қалай өзгереді? Егер статус "қызылға" ауысса, оған "жасыл" статус қалай қайтарылады?", - деп сұрады журналист эпидемиологиялық ахуал туралы баспасөз мәслитында.

"Бізде жүйе интеграцияланған. Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады. "Қызыл" статус 14 күн бойы сақталады. Екі апта өткен соң, ол автоматты түрде "жасылға" ауысады. Өйткені адам бәрібір де вакциналанған болып саналады", - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова.

Ол бүгінде вакцина салдырғандар арасында індетке шалдыққандар өте аз екенін атап өтті.

6
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Аэропорт.  Ashyq

Ashyq-тан көк түсті алып тастау мүмкіндігі қарастырылады - денсаулық министрлігі

353
(Жаңартылды 18:59 28.07.2021)
Елімізде вакцина алған адамдар көбейген соң Ashyq қосымшасынан "көк" мәртебесін алып тастау мүмкіндігі қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ashyq қосымшасынан көк түс алынып тасталуы мүмкін, деді денсаулық министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде Ashyq бағдарламасында ПТР-тест тапсырмаған және науқаспен байланыста болмаған адамдар көк түспен белгіленеді. Олар вакцина алған "жасылдармен" бірге кәсіпкерлік нысандарға емін-еркін кіре алады.

"Ashyq бағдарламасынан көк түсті алып тастауға әлі ерте деп ойлаймыз. Вакцинаның бірінші компонентін 5 миллион адам салдырды. Демек, қалған 8 миллион адам көк түспен жүр. "Қызыл" мен "сары" мәртебемен жүргендер де бар ", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде Ashyq бағдарламасына жасыл түс бойынша өзгеріс енгізіліп жатыр. Алдағы уақытта вакцинаның бір компонентін алған адамдар да "жасылдар" болып белгіленіп отырады.

"Осылайша, біз адамдарды екпе алуға ынталандырамыз. Сондай-ақ көк түсті біртіндеп азайтамыз. Сондықтан әзірше көк түсті Ashyq-тан алмаймыз. Алайда вакцина алған адамдардың саны көбейгеннен кейін Ashyq-тан көк түсті мүлдем алып тастаймыз деп ойлаймын", - дейді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Мектептер Ashyq жобасына қосылуы мүмкін

 

353