Қой, архивтегі сурет

Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін атап өтіп жатыр

61
(Жаңартылды 09:27 20.07.2021)
Мұсылман қауымы Құрбан айтты қатарынан үш күн тойлайды. Айт күндері құрбандық шалынады

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Бүгін барша мұсылман үшін қасиетті мейрам – Құрбан айттың бірінші күні. Бұл күні қазақстандықтар демалады.

Құрбан сөзінің мағынасы

Құрбан айт – Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң келетін мейрам.

Құрбан – араб тілінде "жақындау" дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы "шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау" дегенге келеді.

Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.

Адам құрбандықты өз қолымен бауыздағаны абзал. Өйткені, бұл – құлшылық амал. Сондықтан құрбандық ғибадатын кісі өзі орындағаны жақсы.

Мал бауыздай алмаған жағдайда қасапшының жанында тұрып, өз көзімен көргені дұрыс. Себебі, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қызы Фатимаға (р.а.):

"Құрбандығыңа куә бол. Өйткені, құрбандықтың ең алғаш тамған қанымен барлық қате-кемшілік кешіріледі", – деген екен.

Құрбандыққа қандай мал жарамды

Кез келген мал құрбандыққа жарамайды. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе малының еркектері де, ұрғашылары да жарамды. Қой мен ешкі төлінің ең кемі бір жасар болуы қажет. Дегенмен, алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Ал, ешкінің міндетті түрде бір жасқа толған болуы қажет. Сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толғанда құрбандыққа шалуға болады.

Тағы оқыңыз: Мүфтият құрбан шалу тәртібін жариялады

Сондай-ақ, құрбандық малының дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы керек.

Көзі көрмейтін, бір көзі жоқ, ақсақ, тым арық, өздігінен мал соятын жерге бара алмайтын, құлағы кесілген, желіні кепкен, құйрығы немесе құлағының үштен бір бөлігінің көбі кесілген мал құрбандыққа жарамайды. Алайда мүйізі жоқ, құлағы жарылған, тесілген, піштірілген малды құрбандыққа шалуға болады.

Құрбан шалу кімге міндет

Шариғат бойынша зекет бере алатын адамға Құрбан айтта Алла разылығы үшін құрбандық шалу – уәжіп, яғни міндет. Ал зекет беру үшін мал-дүниесі нисап мөлшеріне жетуі шарт. Нисап мөлшері – 40 қой (ешкі), 30 ірі қара, 5 түйе немесе 85 грамм алтын. Яғни күнделікті қажеттілік пен қарыздан тыс жиналған мал-мүлік.

"Биыл нарықтық бағамен 85 грамм алтынның құны 1 миллион 130 мың теңге деп бекітілді. Осындай ақшасы бар адамға құрбандық шалу – уәжіп. Мәселен, малдан 40 қойы болса, сол қырық қойға бір жыл толуы керек. Егер бір жылға толар кезде, біреуі өліп, 39-ға кеміп қалса, онда ол адамның мойнынан құрбандық шалу міндеті түседі. Бұл бай адамдарға уәжіп. Дәулетті адамдар Алла ризалығы үшін құрбандыққа малдың жақсысын шалуы керек", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстан тілшісіне "Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев.

Мал-мүлкі нисап мөлшеріне жетпейтін адамдар да құрбан шала алады. Бірақ оларға бұл міндет емес.

Құрбандық малы Құрбан айт намазынан кейінгі үш күн ішінде сойылады.

Пандемия жағдайында құрбандық қалай шалынады

Ұлық мейрам осымен екінші жыл қатарынан коронавирус пандемиясына тұспа-тұс келіп тұр. Былтыр індеттің өршуіне байланысты республика бойынша айт намазы оқылған жоқ, құрбандық тек онлайн тапсырыс арқылы шалынды.

Биыл да елдің басым бөлігінде карантиндік шектеулер сақталып отыр. Құрбандық шалу рәсімі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, "қызыл" аймақта тек онлайн, ал "сары", "жасыл" аймақтарда онлайн және офлайн форматта өткізіледі.

Тағы оқыңыз: Құрбан айт жақындап қалды: Қазақстанда мал бағасы қанша

"Сары" және "жасыл" аймақтағы құрбандық шалатын арнайы орындарда адамдар қасапханаға "Ashyq" мобильді қосымшасы арқылы кіргізіледі.

"Қызыл" немесе "сары" түс шыққандар құрбандық шалу орындарына жіберілмейді, тек "көк" және "жасыл" статусы барлар ғана кіре алады. Дене қызуы жоғары адамдар да қасапханаға кіргізілмейді.

Құрбан шалуға келген әрбір адамға 1 сағат уақыт беріледі.

Мүфтият жасы 65-тен асқан қариялар, әйелдер мен балаларға құрбан шалатын орындарға бармауға кеңес берді.

Онлайн құрбан шалу үшін Qurban2021.kz сайты жұмыс істейді. Бұл портал арқылы құрбан шалуға ниетті азаматтар тапсырыс бере алады.

© Sputnik
Құрбан айт - 2021: мал бағасы қанша

Құрбан шалдыру үшін әркім өз өңірін таңдап, аты-жөні мен телефон нөмірін жазып, құрбандыққа шалынатын малды таңдауы қажет. Мал бағасы әр өңірде әртүрлі. Төлем тек онлайн қабылданады, ақшаны Kaspi арқылы аударасыз.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрбандық еті толығымен тек мұқтаждарға таратылады. Яғни, құрбан шалған адам етті өзіне ала алмайды.

Мұқтаж жандар етті алуға өтінішті 17 шілдеден бастап береді.

Тапсырыстар мен өтініштер 22 шілде 12.00-ге дейін қабылданады.

Құрбан айт қалай тойланады

Бұл мейрамда мұсылмандар жуынып, таза, жаңа киімін киіп, хош иісті әтірін сеуіп, мешітке айт намазына келеді. Айт намазын оқып болғаннан кейін бір-бірін Құрбан айтпен құттықтап, құшақ жайып, өкпе-реніші болса кешіреді.

Тағы оқыңыз: Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында үндеу жасады

Сондай-ақ Алланың разылығы үшін құрбан шалып, оның етінен тұрмысы төмен отбасыларға таратады. Мүмкіндігінше садақа береді.

Әр шаңырақта қазан асылып, мол дастарқан жайылады.

61
Кілт сөздер:
құрбандық мал, құрбан айт
Тақырып:
Құрбан айт 2021 (17)
 Архивтегі фото

Коронавирус пен пневмония тағы 100 адамның өмірін жалмады

515
(Жаңартылды 10:57 31.07.2021)
Елімізде бір тәулікте 7 600-ден астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 330-дан астам науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустан 86, пневмониядан 14 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 шілдедегі жағдай бойынша 95 998 адам (93 366 КВИ + және 2 632 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 27 004 науқас ауруханада, 68 994 науқас амбулаторлық деңгейде емделуде.

"86 адам коронавирустан, 14 адам пневмониядан қайтыс болды. 1 677 науқас ауыр жағдайда, 349 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, 334 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар 29 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 309 адамнан анықталған, 110 адам жазылып шықты.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты 

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы 7 691 адамнан табылды. Көбісі Нұр-Сұлтан (1518) мен Алматыда (1511) тіркелді.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Түркістан облысы.

515
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Пробирка с тестом на коронавирус

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты

58
Нұр-Сұлтанда 1 518, Алматыда 1511, Қарағанды ​​облысында 964 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 691 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 7 778 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1518
  • Алматы қаласы - 1511
  • Шымкент қаласы - 477
  • Ақмола облысы - 253
  • Ақтөбе облысы - 332
  • Алматы облысы - 300
  • Атырау облысы - 417
  • Шығыс Қазақстан облысы – 216
  • Жамбыл облысы - 247
  • Батыс Қазақстан облысы - 159
  • Қарағанды облысы - 964
  • Қостанай облысы - 245
  • Қызылорда облысы - 257
  • Маңғыстау облысы - 236
  • Павлодар облысы - 280
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 155
  • Түркістан облысы – 124.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 572 576.

58
Кілт сөздер:
статистика, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Портфель, архивтегі фото

"Мен сізді аяймын, апа": Маңғыстауда әкім тойға келген қонақтардың алдынан шықты видео

0
Шенеунік той тойлауға келген әжейге бір күнде 14 адам өлгенін, қазір 1400 адам ауруханада жатқанын жеткізіп, карантинді сақтауды өтінді  

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамханаға тойға келген қонақтарды қарсы алып, үйге кері қайтуын сұрады, деп жазды Lada.kz.

Мұнайлы ауданында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантиндік шаралар енгізілгеніне қарамастан, жауапсыз тұрғындар той өткізбек болды.

Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамхана алдында қонақтарды қарсы алды. Шенеунік көлікте отырған әжейге карантинді сақтау қажеттігін түсіндіріп жатқанда рейд қызметкерлері осы сәтті видеоға түсіріп алыпты.

"Мен сізді аяймын, апа. Бүгін облыста 14 адам өлді. Құдай сақтанғанды сақтайды. Қазір 1400 адам ауруханада жатыр. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтіңіз, келін, балаларыңызды, мына кішкентай сәбиді ойлаңыз", – деді әкім өтпей қалған тойдың қонақтарының біріне.

0