Қоғам

Белгілі қазақстандық кардиохирург өмірден өтті

© Sputnik / Абзал КалиевГүл шоқтары
Гүл шоқтары - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2021
Жазылу
Ол жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау бойынша операция жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург болды

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Белгілі қазақстандық кардиохирург Серік Бекбосынов 41 жасында қайтыс болды.

Жуырда оған қан құю үшін шұғыл қан жинау басталған еді, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады – кардиохирург 42 жасқа қараған шағында өмірден озды.

"Серік Бекбосынов №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі және жүрек-қантамыр хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі болды. Әріптестері мен пациенттер оны мейірімділігі мен кәсібилігі үшін жақсы көрді және құрметтеді", - деді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы.

Ол жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау бойынша операция жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург болды.

Серік Бекбосынов "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төс белгісімен марапатталған, Тұңғыш президент қорының лауреаты, ұлттық награда –"Ерен еңбегі үшін" медалін алды.

Жаңалықтар
0