Иллюстративті фото

Абай, Ыбырай, Міржақыпты танитын 2 жасар балақайдың анасы: қолынан кітап түспейді

1824
(Жаңартылды 18:42 20.07.2021)
Айяның ата-анасы қызының ерекше қабілетін видеоға түсіріп алған, алайда ол әлеуметтік желіде жарияланып кетеді деп ойламаған

АЛМАТЫ, 20 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде екі жастағы балақайдың Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовты фотосынан танып, қолымен көрсетіп жатқаны жайлы видео тарады. Қыздың ата-анасының сөзінше, Айя есімді балақай сегіз айлық кезінен бері қолынан кітап тастамайды, ал оның бұл қызығушылығына әжесі себепкер болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Sputnik Қазақстан тілшісі Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Заңғар ауылында тұратын Қоңыратбаевтар отбасына хабарласып, қыздың ата-анасымен сөйлесті.

Нұрсұлтан Қоңыратбаев пен Айжан Кәрібай екі баланың ата-анасы. Көпшілікті сүйсіндірген Айя – отбасының тұңғышы. Ата-әжесінің тәрбиесін көріп өсіп келеді.

"Айяның әжесі – мұғалім. Ол кісі отыз жылдан бері мектепте жұмыс істейді. Сол кісілердің сөзімен қызымыз сегіз айлық болғаннан алдына кітап қоятын болдық. Ішін ашып, "мынау ит", "мынау мысық" деп көрсеттік. Содан бастап қызығушылығы оянды. Қазір де қолынан кітап түспейді. Үйде бар кітаптың ішіндегі жануарлар мен табиғатқа қатыстының барлығын біледі", - дейді Айяның анасы.

Уақыт өте келе отбасы жан-жануарлардан бөлек қазақ тарихында орны ерекше тұлғалардың фотосын көрсете бастаған. Мұндай ой баланың бір айтқаннан жаттап алатын қасиетін байқаған соң туған.

"Кітабын алып, "ана, кітап оқимыз" деп келеді. Бірақ үй ішінде жұмыс істеп жүргендіктен оған қол босай бермейді. Сондай сәтте әжеңе бар деп жіберемін. Кітаптың алғашқы бетінде Абай Құнанбайұлы, Міржақып Дулатовтың фотосы тұрады. "Бұл Абай ата", "Бұл Міржақып ата" деп көрсеткен соң жаттап алды. Әзірге осы кісілерді таниды. Ауылда тұрғандықтан, үйде жұмыс көп. Оны арнайы үйретіп отыратын адам жоқ. Шай ішіп отырған кезде кітабын алып келеді", - дейді Айжан Кәрібай.

Айтуынша, Абай Құнанбайұлының кітаптан басқа жердегі фотосын көрсеткен кезде де бірден таниды.

"Айяның ата-әжесі көзі ашық, білімге құштар кісілер. Мен келін болып түскеннен кейін де оқимын дегенімде бетімді қаққан жоқ. Оқы, бар, көр деп қолдап отырады. Дәл сол сияқты немересінің де білімге құштар болып өскенін қалайды. Тіпті келешекте қай мамандықты таңдаса да білімге қатысы болса екен деген тілегі бар", - дейді Айяның анасы.

Айтуынша, отбасы Айяның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып кетеді деп ойламаған. Алайда туған-туыс ата-әжесіне хабарласқанда қуанып қалдық дейді.

Енді бала күнінен қолынан кітабы мен қаламын тастамай жүрген балақайдың анасы әлеуметтік желіде арнайы парақша ашып, қызының видеоларын жариялауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ балаларға арналған қандай да бір бағдарламаларға шақырту алса, оған қатысуға да қарсы емес.

1824
Архивтегі фото

Жеті жарым мыңға жуық науқас тіркелді ковид рекорды тағы жаңарды

14
Нұр-Сұлтанда 1 571, Алматыда 1450, Қарағанды ​​облысында 1011 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 479 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 6 925 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1571,
  • Алматы қаласы - 1450,
  • Шымкент қаласы - 445,
  • Ақмола облысы - 238,
  • Ақтөбе облысы - 230,
  • Алматы облысы - 270,
  • Атырау облысы - 424,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 298,
  • Жамбыл облысы - 197,
  • Батыс Қазақстан облысы - 198,
  • Қарағанды облысы - 1011,
  • Қостанай облысы - 224,
  • Қызылорда облысы - 175,
  • Маңғыстау облысы - 220,
  • Павлодар облысы - 251,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 145,
  • Түркістан облысы - 132.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 557 107.

 

14
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Картофельная запеканка

Дәрігер COVID-тен жазылғаннан кейін қалай тамақтану керектігін айтты

14
(Жаңартылды 08:40 29.07.2021)
Рационда сүт, балық, жұмыртқа, ет сияқты ақуыз көзі, сондай-ақ маусымдық жемістер мен көкөністер болуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Диета коронавирус инфекциясынан кейін ағзаны тез қалпына келтіруге көмектеседі.

Ресейлік эндокринолог дәрігер Юргита Вараеваның айтуынша, әркелкі тамақтану COVID-19 індетінен кейін қалыпқа келу процесінде маңызды рөл атқарады. Тағамның калориясы өте жоғары болғаны жөн: тәулігіне дене салмағының килограмына 20-30 килокалория қажет.

Оқи отырыңыз: Адам ерте қартаяды – коронавирустың тағы бір қауіпті әсері анықталды 

Сондай-ақ, маманның айтуынша, бұлшықеттің семуімен күресу үшін рационда ақуыз жеткілікті мөлшерде болуы қажет.

"Рационға бүйректің жай-күйін ескере отырып, бұлшықет тіндерінің семуімен күресу үшін дене салмағының килограмына 1,2-ден екі грамға дейін ақуыз қосу керек. Сүт, ашымал сүт өнімдері, йогурт, сүзбе, балық, жұмыртқа, құс еті, ет  (шұжық өнімдері мен сосиска кірмейді), бұршақ, үрмебұршақ (фасоль), соя өнімдерімен күніне кем дегенде үш-төрт порция мөлшерінде тамақтанған жөн", - деді Вараева Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Адамның рационы неғұрлым әркелкі болған сайын, соғұрлым көп қажетті қоректік заттарды ала алады, деп толықтырды дәрігер.

"Соның ішінде маусымдық жемістер мен көкөністерге назар аударған жөн, күн сайын кем дегенде бес порция (бір порцияға шамамен 80 грамм) тұтыну қажет", - деді Вараева.

Дәрігер сонымен қатар тұрақты түрде тамақтану керектігін атап өтті.

"Кем дегенде үш рет толық тамақтанып, бір-үш рет жүрек жалғап алу маңызды. Орташа мөлшерде, бірақ жиі және тұрақты тамақтанған дұрыс", - деп кеңес берді сарапшы.

Әрине, дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары ешқашан өзгермейді: түнде ас ішпеңіз, соңғы рет ұйқыға жатарға дейін екі-төрт сағат бұрын тамақтанған жөн.  

14
Кілт сөздер:
дұрыс тамақтану, тамақ, коронавирус
Камшыбек Кункабаев

Токио Олимпиадасы: 29 шілдеде қазақстандықтар қандай жарыстарға қатысады