Ақша, архивтегі сурет

Алматы облысында шенеунік 14 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

1096
(Жаңартылды 09:50 21.07.2021)
Лауазымды тұлға, құрылтайшы және мердігерлік ұйымның директоры аса ірі мөлшерде пара алды және берді деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Алматы облысында кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы мен мердігерлік ұйымның басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Олар аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Басқарма басшысы ЖШС басшылығынан 666 миллион теңгені құрайтын келісімшарт сомасының 15%-ін пара түрінде, яғни бұған дейін келісілген  90 миллион теңгенің 33 500 долларын (14 миллион теңгеден астам) алды деп айыпталуда.   

Бұл қаражат облыс аумағында нысан құрылысына бағытталған.

Тағы оқыңыз: Пара алған лауазымды тұлға ұсталды

Параны шенеунікке ЖШС-ны мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы деп тану және кейін "Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген ақшаға салынатын нысанда орындалған жұмыстар көлемін кедергісіз қабылдау үшін берген.

Лауазымды тұлға, құрылтайшы және мердігерлік ұйымның директоры аса ірі мөлшерде пара алды және берді деген күдікпен ұсталды. Қазір олар Алматы облысының уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді.

1096
Кілт сөздер:
шенеунік, Алматы облысы, пара
Архивтегі фото

Жеті жарым мыңға жуық науқас тіркелді ковид рекорды тағы жаңарды

146
Нұр-Сұлтанда 1 571, Алматыда 1450, Қарағанды ​​облысында 1011 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 479 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 6 925 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1571,
  • Алматы қаласы - 1450,
  • Шымкент қаласы - 445,
  • Ақмола облысы - 238,
  • Ақтөбе облысы - 230,
  • Алматы облысы - 270,
  • Атырау облысы - 424,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 298,
  • Жамбыл облысы - 197,
  • Батыс Қазақстан облысы - 198,
  • Қарағанды облысы - 1011,
  • Қостанай облысы - 224,
  • Қызылорда облысы - 175,
  • Маңғыстау облысы - 220,
  • Павлодар облысы - 251,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 145,
  • Түркістан облысы - 132.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 557 107.

 

146
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Картофельная запеканка

Дәрігер COVID-тен жазылғаннан кейін қалай тамақтану керектігін айтты

31
(Жаңартылды 08:40 29.07.2021)
Рационда сүт, балық, жұмыртқа, ет сияқты ақуыз көзі, сондай-ақ маусымдық жемістер мен көкөністер болуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Диета коронавирус инфекциясынан кейін ағзаны тез қалпына келтіруге көмектеседі.

Ресейлік эндокринолог дәрігер Юргита Вараеваның айтуынша, әркелкі тамақтану COVID-19 індетінен кейін қалыпқа келу процесінде маңызды рөл атқарады. Тағамның калориясы өте жоғары болғаны жөн: тәулігіне дене салмағының килограмына 20-30 килокалория қажет.

Оқи отырыңыз: Адам ерте қартаяды – коронавирустың тағы бір қауіпті әсері анықталды 

Сондай-ақ, маманның айтуынша, бұлшықеттің семуімен күресу үшін рационда ақуыз жеткілікті мөлшерде болуы қажет.

"Рационға бүйректің жай-күйін ескере отырып, бұлшықет тіндерінің семуімен күресу үшін дене салмағының килограмына 1,2-ден екі грамға дейін ақуыз қосу керек. Сүт, ашымал сүт өнімдері, йогурт, сүзбе, балық, жұмыртқа, құс еті, ет  (шұжық өнімдері мен сосиска кірмейді), бұршақ, үрмебұршақ (фасоль), соя өнімдерімен күніне кем дегенде үш-төрт порция мөлшерінде тамақтанған жөн", - деді Вараева Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Адамның рационы неғұрлым әркелкі болған сайын, соғұрлым көп қажетті қоректік заттарды ала алады, деп толықтырды дәрігер.

"Соның ішінде маусымдық жемістер мен көкөністерге назар аударған жөн, күн сайын кем дегенде бес порция (бір порцияға шамамен 80 грамм) тұтыну қажет", - деді Вараева.

Дәрігер сонымен қатар тұрақты түрде тамақтану керектігін атап өтті.

"Кем дегенде үш рет толық тамақтанып, бір-үш рет жүрек жалғап алу маңызды. Орташа мөлшерде, бірақ жиі және тұрақты тамақтанған дұрыс", - деп кеңес берді сарапшы.

Әрине, дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары ешқашан өзгермейді: түнде ас ішпеңіз, соңғы рет ұйқыға жатарға дейін екі-төрт сағат бұрын тамақтанған жөн.  

31
Кілт сөздер:
дұрыс тамақтану, тамақ, коронавирус
Қамшыбек Қоңқабаев

Токио Олимпиадасы: 29 шілдеде қазақстандықтар қандай жарыстарға қатысады

0
(Жаңартылды 09:18 29.07.2021)
Теннисші Елена Рыбакина финалға шығу үшін маңызды ойын өткізеді. Сонымен қатар бүгін еліміздің туын көтеріп шыққан Қамшыбек Қоңқабаев жұдырықтасады

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Олимпиадада қазақстандықтардың қатысуымен өтетін жарыстардың кестесін ұсынамыз.

8.30-да су полосынан Қазақстан - Испания матчы басталды (ерлер, топтық кезең).

8.40-та академиялық ескек есу басталды, оған біздің Владислав Яковлев қатысып жатыр.

12.00-де Елена Рыбакина әлемнің 12-ракеткасымен финалға шығу үшін күш сынасады.  

14.15-те боксшы Әбілхан Аманқұлдың  жекпе-жегі өтеді (1/8 финал, 75 келіге дейін).

15.51-де рингке ту ұстаушы Қамшыбек Қоңқабаев шығады (91 келіден жоғары).

14.18-де Ильфат Абдуллин садақ атудан өнер көрсетеді.

0
Кілт сөздер:
матчтар кестесі, олимпиада
Тақырып:
Токио Олимпиадасы