Қоғам

Тоқаев кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Елена БережнаяВыставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту
Выставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2021
Жазылу
20 шілдеде белгілі қазақстандық кардиохирург Серік Бекбосынов 41 жасында қайтыс болғаны хабарланған еді

АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың қазасына байланысты марқұмның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеделхатын президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

"Жүрекке ота жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде еңбегі жоғары бағаланды. Көптеген адамның өмірін аман алып қалды. Отанымызға адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Серік Темірханұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды", - делінген президент жеделхатында.

Мемлекет басшысы Серік Бекбосынов Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қызмет етіп, жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі болғанын айтты.

20 шілдеде белгілі қазақстандық кардиохирург Серік Бекбосынов 41 жасында қайтыс болғаны хабарланған еді. Жуырда оған қан құю үшін шұғыл қан жинау басталған, алайда дәрігерлер аман алып қала алмады.

Ол жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау бойынша операция жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург болды.

Серік Бекбосынов "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төс белгісімен марапатталған, Тұңғыш президент қорының лауреаты, ұлттық награда –"Ерен еңбегі үшін" медалін алды.

Жаңалықтар
0