Архивтегі фото

Қазақстанда марқұмдарға вакцина салынады деген ақпарат тарады

2120
Денсаулық сақтау министрлігі бұл қауесеттің ойдан шығарылғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болғандарға COVID-19 індетіне қарсы вакцина салынатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz.

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың бірінде қолданушылар елімізде өлген адамдардың COVID-19-ға қарсы егілетіні туралы хабарлама таратып жатыр. Айтуларынша, бұл процедура міндеттеледі және марқұмның туыстары ол үшін ақы төлейді. Алайда денсаулық сақтау министрлігі бұл қауесеттің ойдан шығарылғанын мәлімдеп, растаған жоқ.

"Қайтыс болғандарды вакциналау туралы ресми түрде мәлімдеме жасалмады. Бұл процедура ақылға қонбайды", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: 1 қыркүйекке дейін балаларды вакцина салдыруға міндеттей ме? 

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмаған балаларды мектепке кіргізбейтіні туралы ақпарат тараған болатын. Stopfake.kz порталы бұл хабарламаны да жоққа шығарды.   

2120
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Үндістан президентіне көңіл айтты

17
Махараштра штатында су тасқыны мен лай көшкінінен кем дегенде 138 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан президенті Рам Нат Ковиндке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті Махараштра штатында болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және үйлер мен ғимараттардың қирағаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Із-түзсіз жоғалған отандастарыңыз өз отбасыларына аман-есен оралсын. Осындай қиын-қыстау шақта біз Үндістан халқымен біргеміз", – делінген жеделхатта.

Тағы оқыңыз: "Қайғырып көңіл айтамын": Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

Үндістанның орталығындағы Махараштра штатында су тасқыны мен лай көшкінінен кем дегенде 138 адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

84 мыңнан астам адам штатттың оңтүстігіндегі Пуна округінде қауіпсіз аймаққа орналастырылды.

Үнді метеорология бюросы Махараштра штатының әкімшілік орталығы Мумбаидағы нөсер жауынға байланысты дабылдың қызыл деңгейін жариялады. Табиғи апат салдарынан қала тұрғындарын жарық және сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындады.

17
Кілт сөздер:
көңіл айту, Үндістан, Қасым-Жомарт Тоқаев
Елордадағы билборд, архивтегі сурет

Індет өршіп тұр: "сары" аймақта тек бір ғана облыс қалды

121
Қазіргі таңда Қазақстанның он алты өңірі "қызыл" аймақта орналасқан, "жасыл" аймақта бір де бір облыс жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. 25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймақта тек Алматы облысы қалды.

25 шілдедегі мәлімет бойынша 78 917 адам коронавирус инфекциясынан (76 891 КВИ+ және 2 026 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 046 пациент стационарда, 55 871 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 1 438 адамның жағдайы ауыр,
  • 284 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 182 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Соңғы дерекке сүйенсек, республикада 5 127 049 адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 3 232 019 адам екінші компонентін салдырды.

121
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
1 қыркүйекке дейін балаларды вакцина салдыруға міндеттей ме?
Қазақстандықтарда таңдау бар ма – өңірлерде қандай вакцина қалды 
"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады 
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты