Стенды казахстанских компаний в национальном павильоне на МАКС-2021

Қазақстан мен Ресей ұшуға жарамдылық сертификаттарын тануды жеңілдетуге келісті

32
Құжатқа "МАКС-2021" халықаралық авиациялық-ғарыш салоны аясында қол қойылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қазақстанның авиация әкімшілігі мен Ресейдің Федералды әуе көлігі агенттігі (Росавиация) ұшуға жарамдылық сертификаттарын тану тәртібін жеңілдету туралы жұмыс келісіміне қол қойды, деп хабарлады Қазақстанның азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

"Жұмыс келісімінің нәтижесінде ұшуға жарамдылық сертификаттарын, типтік сертификаттарды тану тәртібі жеңілдетіледі және авиациялық техниканың бөлшектері мен құрамдас бөлшектерін пайдалануға рұқсат беріледі", - делінген комитеттің хабарламасында.

Жұмыс келісімі азаматтық авиация техникасының типтік конструциясын, түрленімдерін, авиациялық техниканы және оның компоненттерін жөндеуді дамытуды мақұлдау тәсілдерін қолдануға, сондай-ақ ұшуға жарамдылық және ұшу қауіпсіздігі саласындағы екі авиациялық ведомство арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Қол қою рәсіміне Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Ресей өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Олег Бочаров, Росавиация және Қазақстанның авиация әкімшілігінің басшылары қатысты.

"Тараптар авиациялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, оны одан әрі дамытуға және нығайтуға қызығушылық білдіріп отырғанын растады", - делінген хабарламада.

МАКС-2021 20-25 шілде аралығында Мәскеу түбіндегі Жуковский қаласында өтеді.   

32
Дәрігер сынама алып жатыр

Қазақстанда тағы 6 631 адамнан коронавирус табылды

15
Республикада індет өршіп тұр, вирус жұқтырғандар саны азаяр емес. Өткен тәулікте індетке шалдыққандардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 631 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 1501,
  • Алматы қаласында - 1191,
  • Шымкент қаласында – 499,
  • Ақмола облысында – 194,
  • Ақтөбе облысында - 229,
  • Алматы облысында - 230,
  • Атырау облысында - 420,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 134,
  • Жамбыл облысында - 102,
  • Батыс Қазақстан облысында - 271,
  • Қарағанды облысында - 768,
  • Қостанай облысында - 178,
  • Қызылорда облысында - 179,
  • Маңғыстау облысында - 245,
  • Павлодар облысында - 225,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 141,
  • Түркістан облысында - 124.

Жалпы пандемия басталғалы республикада 529 269 адам індетке шалдықты.

15
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Антиваксерлер шенеуніктерге тап берді

Нұр-Сұлтанда бір топ әйел шенеуніктерге тап берді оқиға немен аяқталды

219
Әйелдер денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне былапыт сөздер айтып, жұдырық ала жүгірді

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Министрліктер үйіндегі бұзақылығы үшін алты әйел 70 мың теңгеден астам айыппұл төлейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның ақпаратынша, 19 шілдеде ашулы әйелдер министрліктер үйінің ғимаратына баса-көктеп кірмек болды.  

Олар тәртіп сақшыларына тіл тигізіп, қол-аяғымен ұрып, денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері мен күзетшілерге су шашқан.

"Министрліктің жауапты қызметкерлері диалог құрып, проблемаларын түсініп, оның шешімін табуға тырысқанда, әйелдер оларға балағат сөздер айтып, жұдырық ала жүгірген, беттерінен ұрып, киімін тартып жұлқылаған", - деп мәлімдеді департаменттегілер.

Тағы оқыңыз: Антиваксерлер шенеуніктерге тап берді: Цой әйелдермен кездесуге неге шықпады

Бұзақылық әрекеттері үшін алты әйел әкімшілік жауапқа тартылды: олардың әрбіріне 25 АЕК (72 925 теңге) айыппұл салынды. Полиция наразы әйелдер министрлікке қандай талаппен келгенін нақтылаған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Бұған дейін әлеуметтік желіде бір топ ата-ананың денсаулық сақтау министрлігінің ғимаратына кірмек болғаны түсіп қалған видео жарияланды. Әйелдер мен ведомство күзетшілері арасында жанжал шықты.

219
Кілт сөздер:
вакцина, денсаулық сақтау министрлігі
Токио Олимпиадасындағы Қазақстан құрамасы

Олимпиаданың үшінші күні: қазақстандық спортшылардан кімдер сынға түседі

0
25 шілдеде Токиодағы Олимпиада ойындарында он төрт қазақстандық спортшы және су добы командасы бақ сынайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. 25 шілде күні Токио Олимпиадасының үшінші жарыс күні басталады. Ұлттық Олимпиада комитеті бүгін сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін назарға ұсынды.

ҰОК Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы уақыт айырмашылығы +3 сағат екенін еске салды.

Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.

Стенд ату, скит. Әйелдер.

Әсем Орынбай, Зоя Кравченко

Басталуы: 06:00

Дзюдо. Ерлер.

Ерлан Серікжанов

Басталуы: 08:00

Теннис, жекелей сын. Әйелдер.

Ярослава Шведова, Юлия Путинцева

Басталуы: 08:00

Теннис, жекелей сын. Ерлер.

Михаил Кукушкин

Басталуы: 08:00

Семсерлесу. Ерлер.

Руслан Курбанов

Басталуы: 09:45

Нысана көздеу, пневматикалық винтовка. Ерлер.

Юрий Юрков

Басталуы: 10:00

Каноэ, слаломды есу. Ерлер.

Александр Куликов

Басталуы: 10:00

Каноэ, слаломды есу. Әйелдер.

Екатерина Смирнова

Басталуы: 10:50

Үстел теннисі. Ерлер.

Кирилл Герасименко

Басталуы: 12:30

Ауыр атлетика. Ерлер.

Игорь Сон

Басталуы: 12:50

Жүзу. Әйелдер.

Диана Назарова

Басталуы: 16:04

Бокс. Ерлер.

Зәкір Сафиуллин

Басталуы: 16:24

Су добы. Ерлер.

Қазақстан-Хорватия

Басталуы: 16:50.

0
Кілт сөздер:
жарыс, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы