Қоғам

7 жасында зорланған қыздың анасы Тоқаевқа хат жазды

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2021
Жазылу
Сот үкімімен 30 жастағы педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

АЛМАТЫ, 23 шілде – Sputnik. Алматы облысында жеті жастағы қызды зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыздың анасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, тергеушіні марапаттауды өтінді. Әйелдің айтуынша, қылмыстық істі сауатты тергеу педофилді жазалауға көмектесті, сот шешімімен ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

2020 жылдың наурызында Талғар ауданындағы ауылдардың бірінде жеті жасар қызды ұрлап кетті. Полиция қызды қараусыз қалған ғимараттардың бірінен тапты. Қыз 30 жастағы педофилдің қолына түскен. Ол қылмыс орнында ұсталды, қыз аман қалды.

Тергеушілер дәлел жинап, қылмыскерді әшкерелеп, оған бірден қылмыстық заңның үш бабы – "адам ұрлау", "зорлау" және "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық" бойынша айып тақты.

"Қылмыстық іс сотқа уақытында жіберіліп, айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әйел хатында полицейлер тергеу жүргізу кезінде зардап шеккен баланың психикасына зақым келтірмеуге тырысқанын атап өткен.

Жаңалықтар
0