Қоғам

Тоқаев ардагер журналисті 100 жасқа толуымен құттықтады

© Sputnik / Айгюзель КадирКазахский алфавит на латинице
Казахский алфавит на латинице - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2021
Жазылу
Ханымбүбі Ақжолова мемлекет басшысының ыстық ықыласты құттықтауына ризашылығын білдіре отырып "Бір ғасыр биігінде" деген жаңа кітаптың бір данасын президентке беріп жіберді

АЛМАТЫ, 23 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ардагер журналист Ханымбүбі Ақжолованы 100 жасқа толуымен құттықтады.

Алматы қаласындағы "Достық үйінде" ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ханымбүбі Ақжоловаға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы алғыс хатын табыстады, деп хабарлады ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

"Сіз ғибратты ғұмыр жолыңыздың бүгінгі бір ғасырлық белесіне үлкенге де, жасқа да үлгі болатын адами биік болмысыңызбен жетіп отырсыз. Отандық баспасөз саласында көп жыл қажырлы қызмет етіп, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға орасан зор еңбек сіңірдіңіз. Ел игілігі үшін атқарған жемісті жұмысыңыз үшін сізге алғысымды білдіріп, 100 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Деніңізге саулық, әулетіңізге амандық тілеймін", - делінген алғыс хатта.

Ханымбүбі Ақжолова мемлекет басшысының ыстық ықыласты құттықтауына ризашылығын білдіре отырып "Бір ғасыр биігінде" деген жаңа кітаптың бір данасын президентке жолдады.

Ханымбүбі Ақжолова Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, ардагер журналист.

1944 жылы ҚазМУ-дың филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түсіп, әдебиеттанушы, профессор Мүсілім Базарбаев, жазушы-журналист Мұқан Мамажанов, жазушы Кемел Тоқаев секілді тұлғалармен қатар оқып, білім алған. 

1949 жылы білім ордасын қызыл дипломмен тәмамдап, "Социалистік Қазақстан" ("Егемен Қазақстан") республикалық газетінде ұзақ жыл бойы қызмет атқарған.

Кейіннен туған жеріне оралып, Жамбыл аудандық "Большевиктік жол" ("Екпінді еңбек") газетіне редактор болып тағайындалып, қажырлы еңбек етті.

1971 жылы зейнет жасына жетіп, "Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері" құрметті атағын иеленген.

Жаңалықтар
0