Алексей Цой

Цой карантинді бұзғандардың тізімін жариялауға не түрткі болғанын айтты

12317
(Жаңартылды 08:25 26.07.2021)
Заңда медицина қызметкерінің құпиясы саналатын мәліметтерді тұлғаның келісімінсіз беру шарты қарастырылған, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "қызыл" статусы бола тұра карантинді бұзғандардың тізімін жариялау туралы шешімге не түрткі болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанда алғаш рет айыппұл салынған тұрғындардың тізімі жарияланды. Журналистер министрден карантинді бұзғандардың аты-жөнін жариялау медициналық құпияны ашу емес пе деп сұрады. 

Оқи отырыңыз: Цой Тоқаевқа коронавирустың жаңа штамы пайда болғанын хабарлады 

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы үкіметаралық комиссия консультацияларды, соның ішінде заңды консультацияларды басшылыққа алды, тиісті қорытынды бар деп сендірді.

"Денсаулық туралы кодекстің 273-бабының 4-тармағына сәйкес медицина қызметкерінің құпиясы саналатын мәліметтерді тұлғаның келісімінсіз беру шарты қарастырылған. Ол қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурудың таралу қаупі болған кезде қолданылады. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес ковид айналаға қауіп төндіретін індет болып саналады", - деп түсіндірді Цой.

Сонымен қатар, коронавирус жұқтырған науқасқа үйде оқшаулану тәртібін сақтау қажеттілігі туралы қолхат тапсырылады, онда жеке деректерді өңдеуге келісім бар, деп толықтырды ол.

"Науқаспен байланыста болған немесе инфекцияны жұқтырған және заң бойынша үйде отыруға міндетті адамдардың аты-жөні жарияланады. Оларға мұның бәрі қолхатпен хабардар етілген", - деп түйіндеді министр.   

12317
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2628)
Архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанға қарай жолға шыққан қызылордалық он күннен бері табылмай жатыр

62
(Жаңартылды 18:04 22.09.2021)
Жігітті туыстары, полиция мен еріктілер іздестіріп жатыр. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Жеке көлігімен Қызылорда қаласынан Нұр-Сұлтанға кеткен 25 жастағы жігіт он күн бойы туыстарымен байланысқа шықпаған. Полиция іздеу жұмыстарын бастады.

Пропавший житель Кызылорды Самат Бегимбай
© Photo : ОФ "Волонтеры Кызылорды"
Хабар-ошарсыз кеткен Қызылорда тұрғыны Самат Бегімбай

"Қызылорда еріктілері" қоғамдық қоры қазақстандықтардан жоғалған адам туралы ақпаратты өңірлерде барынша таратуды сұрады. Туыстары жолға шыққан жас жігіттен он күн бойы хабар ала алмай отыр.

"Самат Бегімбай 12 қыркүйек таңғы он шамасында қара түсті Subaru Legacy көлігіне отырып Жезқазған тас жолымен Қызылордадан Нұр-Сұлтанға кеткен. Содан бері байланысқа шыққан жоқ", - деп мәлімдеді қордағылар.

Жігіт 25 жаста, өзімен бірге ноутбугы мен жеке заттары болған. Жоғалған күні үстіне сұр түсті спорт киімін киген.

Қала полициясы кез келген ақпарат іздеу жұмыстары үшін маңызды екенін айтты.

"Жас жігіт іздестіріліп жатыр, барлық ресурс жұмылдырылды. Ол жайлы кез келген ақпарат үшін ризашылығымызды білдіреміз, - деді полициядағылар.

Із-түзсіз кеткен ер адамды көрген-білгендер болса, "102" нөміріне хабарласуына болады.

Оқи отырыңыз: 

62
Кілт сөздер:
Қызылорда, полиция, жас жігіт
Көлік, патруль

Алматы көшелеріне "сергек-патруль" шықты видео

42
Алдағы уақытта кешен автобус жолағымен жүретін және рұқсат етілмеген жерде тоқтаған көліктерді де анықтайтын болады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматыда "Сергек" жүйесін патрульдік көлік төбесіне орнатты. Бұл бастама пилоттық жоба аясында қолға алынып отыр.

"Сергек-патруль" — аппараттық-бағдарламалық кешен (АБК). Оның сыртқы және ішкі бейнебақылау жүйесі және функционалды талдау модульдері бар. Бір модуль салон ішінде алдыңғы терезеге орнатылады. Ол видео мен дыбыс жазады. Ал сыртқы бақылау модулі көлік төбесінде тұрады. Камера жолдың жүретін бөлігі мен шетін алып тұруы тиіс, деп хабарлайды Көркем Телеком" компаниясы.

"Шетелде осы іспетті Ekin Patrol G2, Кибер-Шериф, Дозор-М және тағы басқа техникалық құралдар бар. Біз болсақ, отандық өнім - "Сергек-патрульді" жасап шығардық", - дейді компания өкілдері.

Алматыда әкімшілік полицияның көлігіне "Сергек-Патруль" пилоттық жоба аясында орнатылды.

"Сергек-патруль" нені тіркейді

Аппараттық-бағдарламалық кешен бейнебақылау камерасы арқылы көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін сканерлеп шығады. Одан кейін жасанды интеллект көмегімен салық, алимент, айыппұлды автоматты түрде тексереді. Жалған нөмірлерді де бірден анықтайды. Сондай-ақ, іздеуге салынған көліктерді табуға көмектеседі.

"Сергек-патруль" жол жүру ережесін бұзған көлікке автоматты түрде айыппұл салмайды. Бірақ салонда отырған полицей хаттама толтыра алады.

Алдағы уақытта кешен автобус жолағымен жүретін және рұқсат етілмеген жерде тоқтаған көліктерді де анықтайтын болады.

42
Кілт сөздер:
Алматы, көше, видео, көлік
Тақырып бойынша
"Сергек" камерасы қандай заңбұзушылықты анықтай алмайды?
"Бүкіл жасақ сол жерге жиналды": патрульдік полицияның бір күні – фоторепортаж
"Айына 350 мың теңге": патрульдік полицейлердің жалақысы жарияланды
"Балта лақтырды": Алматының патрульдік полициясы түнде қалай жұмыс істейді - фото
Қапшағайдың мас тұрғыны полицей патрульдік автокөлігіне шабуыл жасады
Жамбыл облысындағы апат

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза болды видео

0
Алматы – Ташкент тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысып, алты адам көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысының полицейлері Алматы – Ташкент тас жолында алты адамның өмірін қиған апатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Зардап шеккен тағы екі адамның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы аумағында Алматы-Ташкент тас жолының 476 шақырымында Аudi-А4 пен Toyota Camry соқтығысты. Оқиға 23 қыркүйек таңғы алты шамасында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Жол апаты салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - деді өңірдің полиция департаменті.

Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы "Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қайғылы оқиғаның себебін анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, жол апаты, видео