Қоғам

Бір тәулікте Қазақстанда 90 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

© AP Photo / Luca BrunoАурухана, науқас
Аурухана, науқас - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Жазылу
26 шілдедегі мәлімет бойынша, республикада коронавирус пен "ковидтік" пневмониядан 83 мыңнан аса адам емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус пен COVID белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар санын жариялады.

Ақпаратқа сәйкес, бір тәулікте коронавирустан 70 пациент, ал пневмониядан 20 науқас көз жұмды.

26 шілдедегі мәлімет бойынша, 83 084 адам коронавирус инфекциясынан (–81 077 + және 2007 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 868 пациент стационарда, 59 216 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Тағы оқыңыз: Індетті жұқтырғандар саны азаймай тұр – тағы 6 мыңнан астам науқас анықталды

Дәрігерлердің айтуынша, 1 444 адамның жағдайы ауыр, 304 науқас хәл үстінде жатыр. 183 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0