Архивтегі сурет

Қазақстанда тағы 110 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

4421
Қазіргі таңда республикада 87 мыңнан астам адам коронавирус пен COVID белгілері бар пневмониядан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Бір тәулікте республикада індеттен 110 адам көз жұмды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, өткен тәулікте коронавирустан 86 науқас, ковидтік пневмониядан 24 пациент қайтыс болды.

27 шілдедегі мәлімет бойынша, 87 094 адам коронавирус инфекциясынан (–85 163 + және 1931 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 24 328 пациент стационарда, 62 766 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1461 адамның жағдайы ауыр,
  • 306 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 182 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
4421
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2628)
Түркістан

Өзбекәлі Жәнібековтың есімін бірнеше нысанға беру ұсынылды

5
Депутаттар Өзбекәлі Жәнібековтың есімін Түркістан қаласындағы шағын көшеге емес, жаңа орталықтағы кең көшеге беру керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Сенат депутаттары мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың ескерткішін орнатып, оның есімін бірнеше нысанға беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатор Алтынбек Нухұлының айтуынша, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар мемлекет қайраткері, тарихшы-этнолог Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл толып отыр.

Ол Наурыз мейрамын жаңғырту, халықаралық қазақ тілі қоғамын құру мен "Ана тілі" газетінің ашылуына тікелей ықпал етті. Қазақстанда музейлердің көптеп ашылуына атсалысты.

"Осыған байланысты Түркістандағы этнографиялық музейге және Арқалықтағы дала өлкесі тарихи облыстық музейіне Өзбекәлі Жәнібек есімі берілсе дейміз. Арыстан баб қорық музейі жанында жабылып қалған Өзбекәлі Жәнібеков музейі жаңартылып, қайта ашылуы қажет", - деді Нухұлы сенаттың жалпы отырысында.

Бұдан бөлек, депутаттар Өзбекәлі Жәнібековтың есімін Түркістан қаласындағы шағын көшеге емес, жаңа орталықтағы кең көшеге беру керек деп санайды.

"Туған елі қасиетті Түркістанда еңселі ескерткішін тұғырына орнату керек деп білеміз. Мұндай құрмет қызмет атарған Шымкент және Алматы қалаларында да жасалуы керек", - деп атап көрсетті сенатор.

Осы орайда депутаттар Өзбекәлі Жәнібековтың негізгі жетістіктерін де ерекше атап өтті.

"Оның Торғай елін түлеткені өз алдына бір бөлек, Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтарды ақтап алуда, оның алдында Шәкәрім есімімен еңбектерін жарыққа шығарып, халқымен қайта қауыштыруда ұйытқы болды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі қасиетті тайқазанды Эрмитаждан алып келуде басты орындаушы рөлін атқаруын ешкім ешқашан ұмытпақ емес. Осы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін ЮНЕСКО тізіміне қосып, қалпына келтіруге, Арыстан баб мазарын маңын халықтың жиі келіп, тәу етер жеріне айналдырудағы еңбегі - мәңгі өлмес істер мен ізгілікті іздер", - дейді Нухұлы.

Сенаторлар үкіметке депутаттық сауал жолдап, жариялаған ұсыныстар бойынша тиісті шараларды қолға алуды сұрады.

Оқи отырыңыз: 

5
Кілт сөздер:
ескерткіш, есімін беру, депутат
Тақырып бойынша
Алаш арыстарына ескерткіш ашылды
Алаш идеясы тығырыққа тірелді: Байтұрсынұлы кеңес өкіметі жағына не үшін өтті
Алаш зиялысы Жақып Ақбаев туралы не білеміз
Алматы облысынан табылған Алаш арыстарының сүйегі қайта жерленді
жолдағы шұңқырлар

Министрлік ресейлік актердің "Атырау-Астрахань" жолына қатысты сынына жауап берді

25
(Жаңартылды 12:18 23.09.2021)
Орталық Азия елдерінен келетін транзиттік көліктің артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік актер, шоумен Станислав Ярушиннің "Астрахань-Атырау" жолы туралы "мұндай нашар жолды өмірімде бірінші рет көріп тұрмын" деген сөзінен кейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолдың сапасына қатысты түсініктеме берді. 

"Жалпы ұзындығы 277 шақырымдық "Атырау-Астрахань" автожолы өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. 8 тоннаға дейінгі салмақты көтеретін III техникалық санаттағы республикалық маңызы бар жол. Жолдың техникалық жағдайы ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары есебінен сақталды. Орталық Азия елдерінен келетін ауыр жүк тасымалдайтын транзиттік көлік құралдарының артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлады", - делінген хабарламада.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, 2018-2019 жылдары "Атырау-Астрахань" жолының барлық шақырымына жобалау-сметалық құжат әзірленді.

2019 жылы Ресей Федерациясы шекарасынан Ганюшкино кентіне дейін ұзындығы 60 шақырымдық бірінші учаскені қайта жаңарту басталды.

"Ұзындығы 217 шақырым болатын қалған учаскелерде құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы басталды. Биыл ұзындығы 92 шақырымдық учаске пайдалануға беріліп, қалған 185 шақырымындағы жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр", - деді ведомстводағылар.

Оқи отырыңыз: 

 

25
Кілт сөздер:
жол, Атырау, сын
Тақырып бойынша
1 қарашадан бастап Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады
Ақылы жолдар мәселесі: көлік жүргізушілерінің наразылығы немен аяқталды
Нұр-Сұлтаннан Балқашқа дейінгі жаңа жол қашан ашылады