Врач держит за руку пожилого пациента палаты интенсивной терапии в больнице с коронавирусом

Коронавирус жалмап барады бір тәулікте қайтыс болғандардың саны жарияланды

227
(Жаңартылды 10:49 29.07.2021)
Қазіргі таңда коронавирус инфекциясынан 90 767 адам емделіп жатыр, 332 пациенттің жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде коронавирус пен ковидтік пневмониядан 97 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ресми мәліметке сәйкес, қайтыс болған 81 адамнан коронавирус табылса, 16 науқас ковидтік пневмониямен ауырған. Жалпы, осы уақытқа дейін Қазақстанда 5 700 пациент коронавирус инфекциясынан және 3 676 адам ковидтік пневмониядан көз жұмды.

Жеті жарым мыңға жуық науқас тіркелді – ковид рекорды тағы жаңарды

29 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясынан жалпы 90 767 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 88 495 адамның диагнозы ПТР-тестпен расталды. Ал 2 272 адам тест теріс нәтиже көрсетсе де, ковидтік пневмония анықталып отыр. Қазіргі кезде 25 714 пациент стационарда, 65 053 науқас амбулаториялық деңгейде, яғни үйде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1573 адамның жағдайы ауыр;
  • 332 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 154 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
227
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2628)
портфель ұстаған адам

"Айына 643 мың теңге алады": сенатор мәслихат басшыларының жалақасын жариялады

20
(Жаңартылды 11:36 23.09.2021)
Сондай-ақ сенат депутаттары тексеру комиссия мүшелерінің жалақысын көтеру керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Сенаторлар жергілікті мәслихат хатшылары мен тексеру комиссияларының мәртебесін ғана емес, жалақысын да көтеруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, бұл мәселе көптен бері көтеріліп келеді. Бірақ әлі күнге дейін шешілген жоқ.

"Біз өңірлерге іс-сапармен шыққанда жергілікті мәслихаттардың мәртебесін көтеру бойынша әлі де шешімін таппаған мәселелердің бар екеніне куә болдық. Атап айтқанда, үкіметтің 2021 жылғы маусымдағы қаулысына орай, жергілікті деңгейде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі еседен артық көтерілген. Алайда барлық деңгейдегі мәслихат хатшыларының еңбекақысы сол бұрынғы қалпында қалып қойды. Ондай жағдай 2016 жылы да болған", - деді Бақтиярұлы сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда ол мәслихат хатшыларының жалақысын да жариялады.

Оның айтуынша, аудандық деңгейдегі мәслихат хатшысы аудандық мәслихат аппарат басшысынан екі есе, ал бөлім басшысынан 50 процентке төмен жалақы алады.

"Мысалы, Қызылорда облысында аудандық деңгейде мәслихат хатшысы 200 мың теңге, ал мәслихаттың аппарат басшысы 453 мың теңге, бөлім басшысы 302 мың теңге алады. Ал облыстық деңгейде мәслихат хатшысы 467 мың теңге, мәслихаттың аппарат басшысы 634 мың теңге, ал бөлім басшысы 400 мың теңге жалақы алады. Мәслихат хатшыларының аппарат қызметкерлерінен төмен жалақы алуы лауазымдық иерархия қағидаларының сақталмауына әкеліп соғуда", - деп атап өтті Бақтиярұлы.

Сондай-ақ сенат депутаттары тексеру комиссия мүшелерінің жалақысын көтеру керек деп санайды.

"Тексеру комиссиялары төрағаларының жалақысы тек 33 процентке, тексеру комиссиясы мүшелерінің жалақысы 17 процентке ғана көбейді. Ал басқа мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі немесе одан көп есеге өсті. Бұл ретте тексеру комиссиясының мүшелері өз өкілеттіліктеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдарының жұмысына баға беріп, тиімділігінің тәуелсіз қорытындысын әзірлейтінін атап өткен жөн", - дейді Бақтиярұлы.

Бұдан бөлек, сенаторлар мәслихаттарға қол жинау және петиция жасау құзіретін беруді ұсынды.

Олар үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, мәслихат хатшылары мен тексеру комиссияларының мәртебесін ғана емес, жалақысын да көтеруді сұрады.

Оқи отырыңыз: 

20
Кілт сөздер:
жалақы, сенатор, мәслихат
Тақырып бойынша
Аймағамбетов мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесі өзгеретінін мәлімдеді
Министр қай өңірде орташа жалақы 321 мың теңгеге дейін өсетінін айтты
Ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі – жолдау
2022 жылы зейнетақы мен ең төменгі жалақы қанша болады
Архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанға қарай жолға шыққан қызылордалық он күннен бері табылмай жатыр

68
(Жаңартылды 18:04 22.09.2021)
Жігітті туыстары, полиция мен еріктілер іздестіріп жатыр. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Жеке көлігімен Қызылорда қаласынан Нұр-Сұлтанға кеткен 25 жастағы жігіт он күн бойы туыстарымен байланысқа шықпаған. Полиция іздеу жұмыстарын бастады.

Пропавший житель Кызылорды Самат Бегимбай
© Photo : ОФ "Волонтеры Кызылорды"
Хабар-ошарсыз кеткен Қызылорда тұрғыны Самат Бегімбай

"Қызылорда еріктілері" қоғамдық қоры қазақстандықтардан жоғалған адам туралы ақпаратты өңірлерде барынша таратуды сұрады. Туыстары жолға шыққан жас жігіттен он күн бойы хабар ала алмай отыр.

"Самат Бегімбай 12 қыркүйек таңғы он шамасында қара түсті Subaru Legacy көлігіне отырып Жезқазған тас жолымен Қызылордадан Нұр-Сұлтанға кеткен. Содан бері байланысқа шыққан жоқ", - деп мәлімдеді қордағылар.

Жігіт 25 жаста, өзімен бірге ноутбугы мен жеке заттары болған. Жоғалған күні үстіне сұр түсті спорт киімін киген.

Қала полициясы кез келген ақпарат іздеу жұмыстары үшін маңызды екенін айтты.

"Жас жігіт іздестіріліп жатыр, барлық ресурс жұмылдырылды. Ол жайлы кез келген ақпарат үшін ризашылығымызды білдіреміз, - деді полициядағылар.

Із-түзсіз кеткен ер адамды көрген-білгендер болса, "102" нөміріне хабарласуына болады.

Оқи отырыңыз: 

68
Кілт сөздер:
Қызылорда, полиция, жас жігіт