Қоғам

Белгілі дәрігер Қуаныш Маскеев өмірден озды

© Sputnik / Сергей КимЦветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы
Цветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2021
Жазылу
Қазақ ұлттық медицина университетінің бұрынғы ректоры бар ғұмырын медицина, ғылым мен болашақ дәрігерлерді тәрбиелеуге арнаған

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, белгілі дәрігер-фтизиатр Қуаныш Маскеев өмірден озды. Бұл туралы Қазақ ұлттық медицина университеті хабарлады. 

"Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ұжымы Қуаныш Мүбаракұлының жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ұлы адам, елдің үздік дәрігерлерінің бірнеше ұрпағын тәрбиелеген ректордың жатқан жері жайлы болсын", - деп жазылған сайтта.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (@kaznmu)

Қуаныш Маскеев 1932 жылдың 12 ақпанында туған. Бар ғұмырын медицина, ғылым мен болашақ дәрігерлерді тәрбиелеуге арнады.

Белгілі профессор Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне 12 жыл жетекшілік етті (1975 - 1982). Қуаныш Маскеевтің қатысуымен оқу орнының негізгі материалдық-техникалық базасы жасалып, зертхана, дәрісханалар мен жатақханалар құрылды. 

Оның редакциялауымен фтизиатрия және пульмонология бойынша 5 ғылыми жинақ шығарылды. 

Жаңалықтар
0