Қоғам

Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Рамиль СитдиковПапки с документами, архивное фото
Папки с документами, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2021
Жазылу
29 шілде күні жас жазушы Аягүл Мантай қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Оның әріптестері ақпаратты растады

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Түркістан облыстық полиция департаменті жазушы Аягүл Мантайдың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Ресми мәліметке сәйкес, жас жазушының өз-өзіне қол салу оқиғасы Жетісай аудандық полиция бөлімшесінде тіркелді. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

"Полицейлер қажетті іс-шараларды атқаруда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады", - делінген полицияның ресми хабарламасында.

Айта кетері, 29 шілде күні жас жазушы Аягүл Мантай қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Оның әріптестері ақпаратты растады.

Аягүл Мантай Түркістан облысы Мақтарал ауданы Байқоныс ауылында дүниеге келген. Ресей халықтар достығы университетінде оқыды.

2009 жылы "Жалын" баспасынан "Жаңбырлы көктем" атты әңгімелер жинағы жарық көрген. "Жүрекке оралу" кітабының авторы.

"Серпер" жастар сыйлығының лауреаты. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша президент стипендиясының иегері атанды.

Әлеуметтік желіде жас жазушының өлімі қызу талқыланып жатыр. Мантайды суицидке итермеледі деген болжам бар. Кейбір қолданушылар Аягүлдің жақын досы жазушының біреумен жазысқан хатының скринін желіге салып жіберді дейді. Содан Мантайға қарсы кибербуллинг басталып кеткен.

 

Жаңалықтар
0