Алия Назарбаева

Назарбаевтың кенже қызы алғашқы кітабында не туралы жазғанын айтты

6571
(Жаңартылды 19:57 30.07.2021)
Әлия Назарбаева кітапта өзінің өмірлік ұстаздарының аты-жөнін атап, отбасы туралы әңгімелеуге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева өзінің алғашқы кітабын жазып бітірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

"Қарапайым тілмен және жақсы ниетпен жазылған алғашқы кітабымды аяқтадым. Мен бір кездері бағалаған, жақсы көрген және осы күнге дейін жақсы көретін нәрселерді оқиғалар мен баяндау арқылы жеткізуге тырысып бақтым. Кітапта балалық шағым туралы, әпкем Динараның қалай менімен әлек болғанын, әкеммен не жайлы ұзақ сөйлескеніміз туралы, анамның кеңестері қалай көмектесіп, күш бергенін айтамын", - деп жазды Әлия Назарбаева өзінің Instagram парақшасында.

Ол "Место Силы" кітабынан оқырмандар оның ұстаздары туралы, достықта нені жоғары бағалайтынын, нені кешіріп, не үшін кешірім сұрай алатыны жөнінде білетінін атап өтті.

"Мен балаларымды қатты жақсы көремін және олардың кез келген таңдауын қолдаймын, бұл туралы кітапта жаздым және оны бұрын еш жерде жарияланбаған фотосуреттер арқылы білдірдім", - деді ол.

Назарбаева "Место Силы" кітабы қазір баспада басылып жатқанын хабарлады.

6571
Кілт сөздер:
Әлия Назарбаева, кітап, Назарбаев
Архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда сүйіктісімен сауда үйіне барған жігіттің қылмысы видеоға түсіп қалды

4878
Жігіт кінәсін мойындады, сыртқы киім алынды, қазір оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Елорда тұрғыны сүйіктісімен сауда үйіне барып, манекендегі жаңа күрткені ұрлап кетті. Полиция 26 жастағы жігітті ұстады.

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, жас жігіт сүйіктісімен "Әсем" сауда үйіне барған. Бір кезде оның көзі бутик сыртында тұрған манекенге киілген жаңа күрткеге түседі. Қасындағы серігін акссесуар қарауға жіберіп, өзі манекендегі "Найк" маркалы сырт киімді шешіп, киіп алады. Осыдан кейін жастар оқиға орнынан ізін жасырады. Ал сатушы бұл уақытта бутик ішінде отырған.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция 26 жастағы қала тұрғынын ұстады. Анықталғандай, бір жыл бұрын күдікті ұрлық үшін істі болған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Жігіт кінәсін мойындады, сыртқы киім алынды, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қала полициясы шағын және орта бизнес нысандарына күзет сигнализациясын орнатуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Оқи отырыңыз: 

4878
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, сауда орталығы, жігіт, видео, қылмыс, ұрлық
Каспий

Тоқаев Каспий теңізін ластанудан қорғау хаттамасына қол қойды

56
(Жаңартылды 14:56 23.10.2021)
Жуықта сенат Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда. 

Естеріңізге сала кетейік, сенат Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялады.

Осы құжат Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау туралы негіздемелік конвенцияға кіреді.

Хаттаманың негізгі мақсаты - жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде теңіз ортасының ластануын болдырмау, салдарын азайту, бақылау және ондай салдарды барынша жою.

Осы құжат негізінде бірқатар шаралар қолға алынады.

Олар:

  • ең озық қолжетімді технологиялар мен табиғатты қорғау практикасын пайдалану;
  • Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы, оның ішінде жерүсті көздерінен теңіз акваториясына ластаушы заттардың түсу көлемдері туралы дерекқорды құру және жүргізу;
  • Каспийдің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының жай-күйіне тұрақты бағалау, оның жағалау сызығы бойындағы теңіздің ластану деңгейіне бағалау жүргізу.

Айта кетері, Каспийдің теңіз ортасын қорғау туралы негіздемелік конвенция 2003 жылы қараша айында рәсімделген болатын. Оған Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей мен Түрікменстан қосылды.

Ал Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттамаға 2012 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылды.

Оқи отырыңыз: 

56
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Каспий теңізі, ластану, хаттама
Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

0
Сонымен қатар соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қаржы министрлігінің 100 жылдығына орай қаржыгерлер аллеясы ашылды.

Қаржы министрлігі ғимаратының жанына 100 көшет отырғызылды, ол енді елорданың жасыл қорын толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қаржыгерлер аллеясының ашылу салтанатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы министрлік мерейтойына арналған іс-шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды
© Photo : Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Қаржыгерлер аллеясы

Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланым ұсынылады. Сондай-ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша "Қаржы саласының үздігі" медалімен, бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталады.

Қаржы министрлігінің ақпаратынша, тәуелсіздік жылдарында министрлікке 14 адам басшылық еткен.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан