Қоғам

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі дүниеден өтті

© Sputnik / Абзал КалиевГүл шоқтары
Гүл шоқтары - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Жазылу
Қазақ өнерінің көрнекті өкілі, ұлағатты ұстаз, профессор Люция Төлешова сексен жасында қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Люция Төлешова 80 жасында өмірден өтті.

Суыт хабарды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Люция Төлешова 1941 жылы 22 мамырда Астрахан облысында дүниеге келген.

1962 жылы Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірді. Кейін Гнесиндер атындағы Мәскеу мемлекеттік музыкалық-педагогикалық институтына оқуға түсті.

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті болды. "Чио-Чио сан", "Ер Тарғын", "Қыз Жібек" операларында басты рөлдерді сомдады.

1968 жылдары Қазақконцерт өнер бірлестігінің жанынан Гүлдер ансамбльі ашылғанда Люция Қажығалиқызы әншілердің дауысын қойып, вокалдан ұстаздық етті.

Тағы оқыңыз: Танымал қазақстандық режиссер Болат Атабаев қайтыс болды

1970 жылы композитор Мансұр Сағатовтың шақыруымен Мемлекеттік телерадиокомитетінің әншісі ретінде қабылданып, әр жанрдағы әндерді шебер орындап, Қазақ радиосының "Алтын қорын" толықтырды.

Люция Төлешова шалғай ауылдарды аралап өнер көрсетсе, Мәскеудегі Орталық телеарналардан жиі көрініп, Минск, Киев, Кишинев сахналарында бірнеше рет ән салған. Сонымен қатар Грузия, Армения, Әзербайжан, Чехославакия, Германия, Финляндия сынды елдерде қазақ эстрадасын дәріптей білді.

1995 жылдан бері Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "Эстрадалық вокал" кафедрасының профессоры болып еңбек етті.

Ұлағатты ұстаз Гауһар Қаспақова, Бағым Мұхитденова, Сәкен Майғазиев, Нұрлан Албан, Әлішер Кәрімов, Бақыт Шадаева, Қайрат Түнтеков сынды әншілерді өнерге баулыды.

Жаңалықтар
0