Қоғам

Балаева БАҚ туралы жаңа заң жобасына қатысты пікірін айтты

© Photo : служба центральных коммуникацийАида Балаева
Аида Балаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
БАҚ туралы заңға енгізілетін өзгертулер масс-медиа және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірге талқыланатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. Әлеуметтік желі мен мессенджерлер пайда болғандықтан, қолданыстағы БАҚ туралы заң ескірді. Қазақстанның медиа саласы реттеуді қажет етеді, деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

"Әзірге мәртебені анықтау, концептуалдық әдістерді әзірлеу мәселесі қамтылатынын түсіну керек. Кейін БАҚ туралы заңға енгізілетін өзгертулер масс-медиа және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірге талқыланатын болады", - деді Балаева "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, әлеуметтік желі, мессенджер сынды жаңа коммуникациялар соңғы жылдары медиа саланы өзгертті.

Жаңа заңды әзірлейтін жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар, медиа сала және үкіметтік емес ұйым өкілдері енді.

"Сондықтан ешқандай тосынсый болмайды. Мұндай өзгеріс бұрыннан қажет болды", - деді министр.

БАҚ туралы заң 2022 жылы қабылданатыны хабарланған болатын.

Жаңалықтар
0