Қоғам

Бір тәулікте 149 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

© Sputnik / Георгий Зимарев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
Қазіргі таңда республикада 107 016 адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен "ковидтік" пневмониядан 149 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде 124 науқас расталған "коронавирус инфекциясы" диагнозынан, ал 25 пациент COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

4 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 016 адам коронавирус инфекциясынан (–103 986 + және 3 030 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 29 325 пациент стационарда, 77 691 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандардың арасында 1 786 науқастың жағдайы ауыр, 412 пациент хәл үстінде жатыр, 209 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0