Қоғам

Желіде Қазақстан Қытайға қосылса, қарызы кешіріледі деген ақпарат тарады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің ресми сайтында мұндай ақпарат жоқ, елші де ешқандай мәлімдеме жасамаған

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Желіде Қазақстан Қытайға қосылған жағдайда, сыртқы қарызы кешіріледі деген жалған ақпарат тарады.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоның мәлімдемесі тарады. Онда Қазақстан ҚХР құрамына кірген жағдайда, сыртқы қарызының басым бөлігінен құтылатыны айтылған.

Stopfake.kz мұның шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Жалған ақпараттың дереккөзі – qazinform24 Instagram-аккаунты.

"Бұл сатиралық парақша. Оның профилінде аккаунт сатиралық контент пен фейк жаңалықтар жариялайды деп жазылған. Қытайдың Қазақстандағы  елшілігінің ресми сайтында мұндай жаңалық жоқ. Төтенше елші Чжан Сяо да мұндай мәлімдеме жасамаған", - деп жазады портал.

Тағы оқыңыз: Мемлекеттік қарыз өсіп барады: сарапшылар Қазақстанды не күтіп тұрғанын айтты

Яғни ҚХР-ға қосылса, Қазақстанның сыртқы қарызы жабылатыны туралы хабарламалар – жалған, кейбір желі қолданушылары оны сатиралық парақшаны дереккөз ретінде көрсетпей таратып жатыр, деп атап өтті Stopfake.kz.

Жаңалықтар
0