Қоғам

Қазақстандықтар жаңа көліктерді тіркеуден өткізе алмай жатыр – себебі неде

© Photo : Госкорпорация "Правительство для граждан"СпецЦон. Архивное фото
СпецЦон. Архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Салондардан сатып алынған су жаңа көліктерді тіркеу уақытша тоқтатылды. Ақауды жою жұмысы жүргізіліп жатқаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Техникалық ақауға байланысты қазақстандықтар жаңа көліктерді тіркеуден өткізе алмай жатыр. Ақпарат жүйесінде 5 тамыз күні ақау шықты.

"Кеден қызметін ақпарат жүйесінде ақауды жою жұмысы жүргізілуде. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңа көліктерді тіркеу уақытша тоқтатылды", - деді "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметінде.

Мемлекеттік корпорация сервис жөніндегі басқарушы директоры Бахтияр Мұхаметқалиевтің айтуынша, көлікті есепке қою қызметі қолжетімді болмай тұр.

"Бұл салоннан сатып алынған жаңа көліктерге қатысты. Жауапты орган ақпарат жүйесін қалыпқа келтіруде. Азаматтардан кешірім сұраймыз", - деді Мұхаметқалиев.

Жүйенің қалпына келтіріліп, көлікті тіркеу қызметі іске қосылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Жаңалықтар
0