Үйлену тойы

Kaspi арқылы беташар: қалыңдық фатасындағы QR-код Қазнетте дауға айналды видео

7080
(Жаңартылды 15:59 07.08.2021)
Той ұйымдастырушылары қонақтарға беташар кезінде қолма-қол ақшаның орнына Kaspi арқылы ақша аудару мүмкіндігін ұсынған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Желіде үйлену тойында түсірілген видео қазақстандықтар арасында дау туғызды. Онда қалыңдық фатасына Kaspi арқылы ақша аудару үшін QR-код жапсырылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)

Қазақ халқында келін түсіргенде жасайтын салт-дәстүрдің бірі – беташар. Үйлену тойы кезінде жаңа түскен келінге ата-енесін, басқа да туыстарын таныстырады. Келін иіліп, оларға сәлем салады. Тойға жиналғандар сый-сыяпат ретінде ақша қалдырады.

Әдетте үйлену тойында қалыңдық алдына ақша салынатын табақ қойылады. Алайда бүгінде онлайн төлемнің танымалдығы артып, дәстүрлер де заманауи трендке бейімделуде.

Бұған желіде тараған видео дәлел. Той ұйымдастырушылары туысқандарға қолма-қол ақшаның орнына Kaspi арқылы ақша аудару мүмкіндігін ұсынған. QR-код та қалыңдықтың фатасына жапсырылған.

Тағы оқыңыз: Үйлену тойында түсініксіз әрекет жасаған күйеужігіт ұятқа қалды - видео

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі бұл салт-дәстүрді қорлау десе, енді бірі мұны ыңғайлы деп санайды, өйткені қазір көбі қалтасында ақша ұстамайды.

"Дұрыс емес, жаңа түскен ақ келіннің тазалығына, арына бір ақшамен санасқандай көрінеді. Ақ орамалына жабыстырып не мазақ? Тәрбиесіздік пен топастық. Салтымыз ақшамен тең болғандай", - деп жазды Алматы мәслихатының депутаты, блогер Қайрат Құдайбергеновтің жазылушыларының бірі.

"Кім нені қорлады?! Бәрі заманауи, каспий қолданатынымыз өтірік емес, қайта креативті болған, сонша жаман ойшыл болмайықшы", - дейді тағы бір қолданушы.

7080
Кілт сөздер:
қалыңдық, видео, қазнет
Тақырып бойынша
Күйеужігіт жоғалып кетті: қалыңдық аң-таң болып отыр
Қалыңдық үйлену тойын жасау үшін күтпеген қулыққа барды
Атырау облысында бір апта "тұрмыста" болған 13 жасар қалыңдық үйіне қайтарылды
Қалыңдық Оралда, күйеу жігіт Кореяда: Қазақстанда ерекше той өтті 
коронавирус

Оқушыларды ата-ана келісімінсіз вакциналау туралы бұйрық шыққаны рас па

111
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарды әлеуметтік желілерде тараған күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желілерде 1-11 сынып оқушыларын ата-ана келісімінсіз COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы бұйрық шыққаны туралы хабарлама тарады. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды StopFake.

Ведомствоның хабарлауынша, мұндай бұйрық ешқашан болмаған.

"Осы жарияланымға қатысты кез келген профилактикалық егу, соның ішінде коронавирусқа қарсы вакциналау да ата-аналардың ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізілетінін хабарлаймыз. Вакциналауға жататын жасөспірімдердің тізімін жоспарлау және жасау процесінде келісім алдын ала жиналады. Осыған байланысты алдын ала жасалған тізім бойынша вакциналауға ата-анасы қол қойған келісімі бар балалар және ата-анасының қатысуымен ғана екпе салдыруға шақырылады", – деп түсіндірді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Оқи отырыңыз: Цой ақылы вакцинация қашан басталатынын айтты

Оның айтуынша, мектептерде мәжбүрлі вакциналау жүргізіліп жатқан жоқ. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің № 36 қаулысына сәйкес оқу мекемелерінде күн сайын кіру кезінде тексеру жүргізіледі. Мектептің барлық қызметкері термометриядан өтіп, кіреберісте қолын санитайзермен өңдеуге міндетті. Сабақ кестесі оқушылар бір-бірімен барынша аз байланыста болатындай етіп жасалады.

Ержан Байтанаев қазақстандықтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырды. Шынайы ақпарат алу үшін комитеттің ресми интернет-ресурсына, "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК" телеграмм-арнасы сияқты ресми дереккөздерге және Facebook, Instagram және YouTube әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарға жүгінуге немесе комитетке жазбаша сауал жолдауға болады.

111
далада сауда-саттық жүргізіп отырғандар

Сатушыларға заңсыз айыппұл салған 87 полицей жазаланды Бас прокуратура

2611
(Жаңартылды 16:27 27.11.2021)
Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда-саттық жасағандарды қандай жағдайда жазалауға болмайтынын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Белгіленбеген жерде сауда жүргізгендерге заңсыз айыппұл салған полицейлер мен әкімдік қызметкерлері жазаланды.

Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда жүргізгені үшін бизнес және азаматтарды жазаға тартудың негізділігін зерделеген. Олардың көбінесе заңсыз жауапқа тартылғаны анықталды.

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, сауда үшін арнайы орындар анықталған кезде ғана жауапкершілік белгіленеді.

"Оларды облыстық, қалалық және аудандық әкімдер анықтайды ("Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 27, 31-баптары). Алайда, көптеген өңірде мұндай орындар болған жоқ, бірақ адамдарға 12-ден 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынды", - дейді ол.

Мысалы, Жезқазған қаласында сауда орны белгіленбеген, бұған қарамастан кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның қолға алған шаралары бойынша 38 іс тоқтатылып, қалада сауда орындары анықталған.

Еліміздің басқа өңірінде – Ақмола облысының Зеренді ауданында прокурордың актісі бойынша сауда орындары анықталды. Жауапқа тарту туралы 26 заңсыз қаулының күші жойылды.

Жалпы прокуратураның шаралары бойынша 14 мыңнан астам заңсыз әкімшілік іс тоқтатылды, әкімдіктердің шешімімен еліміздің барлық өңірінде 4126 сауда орны анықталды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр.

Олқылыққа жол берген 87 полицей мен 26 әкімдік қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бас прокуратураның бастамасымен Сауда және интеграция министрлігі осы мәселені бақылауға алды.

2611
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанда рөлде ұйықтап кеткен полицей жол апатын жасады
150 мың теңге сұраған: көлікті себепсіз тоқтатқан екі полицей жұмыстан қуылды
Сыртынан жауып кеткен: полицей әйел өрт шыққан пәтердегі төрт баланы құтқарды
Коронавирустан 34 полицей қайтыс болды – Тұрғымбаев

Қытайдағы жаңа шыны көпір жұрттың таңдайын қақтырды видео

0
(Жаңартылды 18:07 27.11.2021)
Шыны көпір Қытайдың Сычуань провинциясында Башань үлкен каньонында орналасқан. Таяуда оның ресми ашылуы өтті

Көпірге келгендер айналадағы көріністі көріп таңдай қақты. Бұл маңдағы тау шатқалдары тамсандырмай қоймайды. Шыны көпірмен жүріп өткен туристер табиғаттың тамаша көркіне көз тойдыра алмағаны анық.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
көпір, видео, шыны, Қытай