Қоғам

Алакөлге демалуға келген әйел гидроциклмен ер адамды қағып өлтірді

© Sputnik / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2021
Жазылу
Қырық жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, оның он бір жастағы қызы ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Алакөл көлінде турист әйел гидроциклмен 40 жастағы Семей тұрғынын қағып кетті. Ер адам мерт болды, деп жазады Arnapress.kz.

Трагедия жексенбі, 8 тамызда болды.

Облыстың полиция департаменті төтенше жағдайдың мән-жайын баяндады: Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны гидроциклмен қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзып, үрлемелі су матрасына соғылған.

"Салдарынан Семейдің 40 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Оның 2010 жылғы қызы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", − деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-тармағы бойынша (Темiржол, әуе, теңiз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын орындайтын жұмысына немесе атқаратын лауазымына байланысты сақтауға мiндеттi адамның осы қағидаларды бұзуы, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі таңда бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.

Бұған қоса, гидроцикл иесі – Үржар ауданының 31 жастағы тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-тармағы (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан, қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы – төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Жаңалықтар
0