Қоғам

"50 мың теңге сыйақы": желідегі ақпаратқа қатысты министрлік түсініктемесі

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2021
Жазылу
Алаяқтар мұндай хабарламаларды банктік шоттарға қол жеткізу үшін пайдалануы мүмкін, деді министрлікте

НҰР-СҰЛТАН,  14 тамыз – Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 000 теңге мөлшеріндегі сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы ақпарат  тарады. Бұл шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлады ведомство.

"Министрлік мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ешқандай сауалнама жүргізбейді. Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды банктік шоттарға қол жеткізу үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз", - делінген хабарламада.

Олар күмәнді сілтемелерге баспауға кеңес берді. Сондай-ақ, жеке деректі бөліспеу керектігін жеткізді. 

"Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз", - деп жазылған ақпаратта.

Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатыны тағы бір мәрте ескертілді.

Жаңалықтар
0