Қоғам

Қазақстандық өзі құрастырған көлікті миллион долларға бағалады

© Photo : Warner Bros. Entertainment IncБэтмобиль, кадр из фильма "Бэтмен. Начало"
Бэтмобиль, кадр из фильма Бэтмен. Начало  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Ерекше автокөлікті құрастырушы бұдан арзан баға қоюдың мәні жоқ екенін айтты. Ол бэтмобильді құрастырып шығуға үш жыл жұмсаған

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Бэтмобильді құрастырған теміртаулық Евгений Бондаренко өнертабысын 425 миллион теңгеге бағалап отыр.

"Кім сатып алғысы келді, асығыңыз", - деп жазды ер адам Instagram парақшасында сату туралы хабарлама қалдырып.

Автокөлік сипаттамасында Batmobile Tumbler кеңістік рамада нөлден бастап жасалғаны көрсетілген. Өнертапқыш қозғалтқышты Toyota маркалы көліктен алған. Бағасы – 425 миллион теңге.

Пікірлердің бірінде Евгений Бондаренко бұл соманы жұмыс үшін лайық деп санайтынын жазды.

"Бұған қаншама күш жұмсалды. Арзандатудың жөні жоқ. Дәл мұндай көлік әлем бойынша сатылымайды", - деп жазды ол.

Желіде пікір білдірушілер бұл бағаның қымбат екенін айтып, Қазақстанда мұндай ақшаға ешкім көлік сатып алмайтынын жазып жатыр.

"Қымбат, 100-200 мың долларға бағалауға болады"; "Мен бұл ақшаға 200 көлік сатып аламын"; "Еңбек екені рас, бірақ бағасы тым қымбат. Мұнда оны ешкім сатып алмайды және бізде сатылымға қоюдың мәні жоқ. EBay-ге қойыңыз, сол жақта тез өтіп кетуі мүмкін", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Евгений Бондаренко (@jbkanal)

Кейбірі Евгенийге өнертабысын басқа маркалы автокөлікке айырбастауды ұсынды. Ер адам дәл сол ақша үшін тек ұшақ ұсынуға болатынын жеткізді.

Қазақстандықтың ерекше хоббиі туралы биыл маусымда айтыла бастады. Евгений Бондаренко бала кезінен бастап Бэтмен және Кристофер Ноланның "The Dark Knight" фильмдерінің жанкүйері болғанын айтты.

Ол бэтмобильді құрастырып шығуға үш жыл жұмсаған.

Жаңалықтар
0