Қоғам

Бір тәулікте 137 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

© REUTERS / ALFREDO ESTRELLAАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Республикада барлығы 124 мыңнан аса адам індеттен емделуде, соның ішінде 30 мыңнан астамы ауруханаларда жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар туралы статистиканы жаңартты.

Өткен тәулікте 113 қазақстандық коронавирустың құрбаны болса, "ковидтік" пневмониядан 24 адам қайтыс болған.

ПТР-тесті оң болған науқастардың көбі Нұр-Сұлтан (21 адам), Алматы (18) және Ақмола облысында (15) көз жұмды.

Қазақстанда пандемия басталғалы барлығы 8 415 адам, ал COVID-19 белгілері бар пневмониядан 4 240 адам қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар туралы жаңа мәлімет жарияланды

23 тамыздағы мәлімет бойынша, 124 871 адам коронавирус инфекциясынан (–118 989+ және 5 882 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 197 пациент стационарда, 94 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 944 адамның жағдайы ауыр;
  • 518 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 312 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0