Қоғам

Кабулдан Алматыға тағы жүзге жуық БҰҰ қызметкері жеткізілді

© Photo : Пресс-служба АО "Международный аэропорт Нурсултан Назарбаев"Әуежайдағы ұшақ, архив сурет
Әуежайдағы ұшақ, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Ауғанстанда жұмыс істеген Біріккен ұлттар ұйымы қызметкерлері мінген ұшақ жексенбіде Алматыға келіп қонды

АЛМАТЫ, 23 тамыз – Sputnik. Кабулдан Алматыға тағы бір топ Біріккен ұлттар ұйымы қызметкерлері жеткізілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі.

БҰҰ қызметкерлері мінген ұшақ Алматыға 22 тамызда қонды. Ұшақта жүзге жуық адам болды.

Қазақстанға БҰҰ қызметкерлі бар алғашқы рейс 18 тамызда орындалды. Оның ішінде Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі БҰҰ миссиясының (UNAMA) 141 қызметкері болған.

Содан кейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Біріккен ұлттар ұйымы Алматыда тағы 69 қызметкерді қабылдауды сұрағанын хабарлады.

БҰҰ қызметкерлердің Кабулдан қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шығарылғанын айтты. Олар өз жұмысын қашықтан, Алматыда отырып атқарады.

Оқи отырыңыз: Талибан* Кабулдағы Қазақстан елшілігіне қауіпсіздікті уәде етті

Қазақстанға келгендер халықаралық дипломаттар, БҰҰ паспорты мен дипломатиялық иммунитеті бар мамандар.

Олар Алматыда Ауғанстандағы жағдай тұрақталғанға дейін болады. Ол шамамен жарты жылға созылуы мүмкін. Қызметкерлердің үй-жайы, кеңсені жалға алу және өзге де шығындарына қаржы БҰҰ бюджетінен бөлінген.

Ауғанстандағы жағдай Талибан* қозғалысының өкілдері билікке келгеннен кейін шиеленісе түсті. Шетелдік қызметкерлер мен шетелдік миссияларда жұмыс істейтін ауғандықтарды эвакуациялау Кабулдағы жалғыз әуежай арқылы жүзеге асырылады. Ол жер АҚШ пен НАТО елдерінің әскери күшінің бақылауына алынған.

Талибан* – Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

Жаңалықтар
0