Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

© AP Photo / Achmad IbrahimАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Қазіргі уақытта республикада 117 мыңнан астам қазақстандық коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте індеттен 141 адам қайтыс болды.

Бір тәулікте коронавирустан 115 науқас, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 26 пациент көз жұмған.

Пандемия басталғалы бері елде 761 249 адам вирус жұқтырды, 8 758 адам коронавирустың құрбаны болды.

Пневмония 68 675 адамда анықталды, 4 315 адам қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Өткен тәулікте 6 358 адам коронавирус жұқтырды

26 тамыздағы мәлімет бойынша, республикада 117 566 адам коронавирус инфекциясынан (–111 242 + және 6 324 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 27 244 пациент стационарда, 90 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандардың арасында 1 857 адамның жағдайы ауыр, 516 пациент хәл үстінде, 208 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0