Қоғам

Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 114 адам қайтыс болды

© Photo : пресс-служба премьер-министра РКБыли продемонстрированы образцы ИВЛ-аппаратов и мониторов транспульмонального давления
Были продемонстрированы образцы ИВЛ-аппаратов и мониторов транспульмонального давления - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Пандемия басталғалы Қазақстанда 798 671 адам коронавирус жұқтырды, 9 495 адам қайтыс болды

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 93 адам, пневмониядан 21 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Осылайша бір тәулікте коронавирустан 114 адам қайтыс болды.

2 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 104 835 адам, олардың ішінде 22 388 пациент стационарда, 82 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Науқастар арасында 1 590 адамның жағдайы ауыр, 479 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған. 226 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 798 671 адам коронавирус жұқтырды, 9 495 адам қайтыс болды.

70 250 адам пневмонияға шалдықты, 4 485 адам қайтыс болды.

Ал кейінгі бір тәулікте 4 880 адамнан коронавирус анықталды, 460 адам пневмонияға шалдықты.

Жаңалықтар
0