Қоғам

Қарулы Күштердің бас штабына жаңа басшы келді

© Photo : пресс-служба министерства обороны Казахстанақорғаныс министрлігі
қорғаныс министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Бұған дейін осы қызметті Марат Бектанов атқарған. Жақында ол президенттің өкімімен қорғаныс министрі қызметіне тағайындалған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қарулы Күштері бас штабының бастығын тағайындады, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
© Photo : Официальный сайт ВТКУГенерал-майор Марат Құсайынов
Қарулы Күштердің бас штабына жаңа басшы келді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Генерал-майор Марат Құсайынов

Айта кетері, бұған дейін осы қызметті Марат Бектанов атқарған. Жақында ол президенттің өкімімен қорғаныс министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Марат Құсайынов туралы не білеміз

Марат Рақымұлы Құсайынов 1967 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1988 жылы Челябі жоғары танкті командалық училищесін тәмамдады.

  • 1997 жылы РФ ҚК Броньды танкті әскерлер Әскери академиясын, ал 2010 жылы РФ ҚК БШ Әскери академиясын (үздік және алтын медальмен) бітірді.
  • Офицерлік қызметті Беларусь әскери округінде взвод командирі болып бастаған.
  • 1993 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында танк дивизиясы танк полкі танк ротасының командирі болды.
  • 1993-1994 жылдары - танк дивизиясы танк полкі оқу танк батальонының командирі;
  • 1994-1997 жылдары РФ ҚК Броньды танкті әскерлер Әскери академиясының тыңдаушысы;
  • 1997-2000 жылдары - штаб бастығы - мотоатқыш бригадасы командирінің орынбасары;
  • 2000-2002 жылдары - ҚР ҚМ Әскери-ғылыми орталығы әскери арнайы зерттеулер басқармасының бастығы;
  • 2002-2003 жылдары мотоатқыш бригадасының командирі;
  • 2003-2004 жылдары - штаб бастығы - мотоатқыш бригадасы командирінің орынбасары;
  • 2004-2005 жылдары - жағалық қорғаныс бригадасының командирі;
  • 2005-2006 жылдары - механикаландырылған бригадасы техника мен қару-жарақты сақтау бөлімінің бастығы;
  • 2006-2008 жылдары - штаб бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары - "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы штабының жедел басқарма бастығы;
  • 2008-2010 жылдары - РФ ҚК БШ Әскери академиясының тыңдаушысы;
  • 2010-2013 жылдары - өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы;
  • 2013-2014 жылдары - өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы;
  • 2014-2016 жылдары - өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы;
  • 2016-2019 жылдары - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.
  • 2019 жылы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды.
Жаңалықтар
0