қылмыстық іс

Біртановтың ағасы тергеу туыстарына қысым көрсетіп отырғанын айтты

82
(Жаңартылды 14:14 14.09.2021)
Біртановтың туыстары мен достарына, әріптестеріне жасалған қысым істің дәлесіз екенін айғақтай түседі, дейді ол

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тергеу сотында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамақ мерзімін ұзарту жөнінде іс қаралды.

Бас прокуратураның өкілі Төлеген Жараспаев үйқамақ мерзімін іс құжаттарымен танысу үшін 14 қарашаға дейін ұзартуды сұрады.

Оның айтуынша, іс материалы 133 томнан тұрады. Сондықтан қатысушыларға онымен танысуға уақыт қажет.

Біртановтың адвокаттары мерзімді ұзартуға қарсы шықты және соттан оны кепіл беру арқылы немесе елден кетпеу туралы қолхат арқылы босату шарасын қолдануды сұрады.

Сонымен қатар сотта Біртановтың ағасы сөз сөйледі. Оның айтуынша, тергеу туыс-туғандарына қысым көрсетіп отыр.

"Қаржы мониторингі агенттігі менің қызметімді тексерді. Менің жұмыс берушім МАГАТЭ –ден дипломатиялық каналдар арқылы менің МАГАТЭ-мен хат алмасуым туралы және МАГАТЭ-нің үшінші тұлғалармен хат алмасуы туралы түсініктеме сұратты. Сонымен қатар қаржы мониторингі агенттігі мен туралы жеке басым мен ар-ожданыма тиетін, кәсіби беделіме нұқсан келтіретін жазбаша жалған ақпарат жолдады. Агенттіктің Елжан Біртановтың туыстары мен достарына, әріптестеріне жасаған қысымы істің дәлесіз және қылмыс құрамы жоқ екенін айғақтай түседі", - деді ағасы Ержан Біртанов.

Елжан Біртановтың өзі де үй қамақ мерзімін ұзартуға қарсы шықты. Оның айтуынша, оған – жұмыс істемей тұрған денсаулық сақтау саласының цифрлық платформасын қабылдау және қызметтік мансапты пайдаланып санавиацияны пайдалану туралы екі айып тағылып отыр.

Оның айтуынша, цифрлық платформа жұмыс істеп тұр, министрлік балансына алынды, ол үшін бюджеттік қаржы төленді. Және тиісті келісімшарт негізінде интеграцияларды қосу бойынша жұмыс істеп тұр.

Біртанов: мен бұл күдікпен де келіспеймін

Сонымен қатар ол сот алдында бәзбіреулердің оны жемқор деп рөлінде көрсетіп, шетелдегі зәулім сарай туралы видео жариялағанын атап өтті.

Біртановтың айтуынша, ол осы бойынша полицияға арыз жазған.

"Үш ай өтті. Алайда менің арзым әлі тіркелген де жоқ. Ол қаржы мониторингі агенттігіне жолданыпты. Соған қарағанда полицияның өзі агенттіктің бұл видеоға қатысы бар екеніне күмәнданады. Жуықта біз агенттік ешқандай істі қарамағаны туралы жауап алдық. Іс архивке жіберіліпті. Алайда мұндай істі қарау агенттік құзырында емес", - дейді ол.

Барлық тарап сөйлеп болған соң сот шешім шығаруға кетті.

Бұған дейін Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 қыркүйекке дейін ұзартылған болатын.

82
Кілт сөздер:
Елжан Біртанов, қылмыс, туысқан
Тақырып бойынша
"СК-Фармация" ісі: Біртанов сотта өкініш білдірді
Біртанов премьер-министр мен әріптестерін СOVID-тен қалай құтқарды
Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды
Экс-министр Біртанов сотта мәлімдеме жасады
Түркістан

Өзбекәлі Жәнібековтың есімін бірнеше нысанға беру ұсынылды

9
Депутаттар Өзбекәлі Жәнібековтың есімін Түркістан қаласындағы шағын көшеге емес, жаңа орталықтағы кең көшеге беру керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Сенат депутаттары мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың ескерткішін орнатып, оның есімін бірнеше нысанға беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатор Алтынбек Нухұлының айтуынша, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар мемлекет қайраткері, тарихшы-этнолог Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл толып отыр.

Ол Наурыз мейрамын жаңғырту, халықаралық қазақ тілі қоғамын құру мен "Ана тілі" газетінің ашылуына тікелей ықпал етті. Қазақстанда музейлердің көптеп ашылуына атсалысты.

"Осыған байланысты Түркістандағы этнографиялық музейге және Арқалықтағы дала өлкесі тарихи облыстық музейіне Өзбекәлі Жәнібек есімі берілсе дейміз. Арыстан баб қорық музейі жанында жабылып қалған Өзбекәлі Жәнібеков музейі жаңартылып, қайта ашылуы қажет", - деді Нухұлы сенаттың жалпы отырысында.

Бұдан бөлек, депутаттар Өзбекәлі Жәнібековтың есімін Түркістан қаласындағы шағын көшеге емес, жаңа орталықтағы кең көшеге беру керек деп санайды.

"Туған елі қасиетті Түркістанда еңселі ескерткішін тұғырына орнату керек деп білеміз. Мұндай құрмет қызмет атарған Шымкент және Алматы қалаларында да жасалуы керек", - деп атап көрсетті сенатор.

Осы орайда депутаттар Өзбекәлі Жәнібековтың негізгі жетістіктерін де ерекше атап өтті.

"Оның Торғай елін түлеткені өз алдына бір бөлек, Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтарды ақтап алуда, оның алдында Шәкәрім есімімен еңбектерін жарыққа шығарып, халқымен қайта қауыштыруда ұйытқы болды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі қасиетті тайқазанды Эрмитаждан алып келуде басты орындаушы рөлін атқаруын ешкім ешқашан ұмытпақ емес. Осы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін ЮНЕСКО тізіміне қосып, қалпына келтіруге, Арыстан баб мазарын маңын халықтың жиі келіп, тәу етер жеріне айналдырудағы еңбегі - мәңгі өлмес істер мен ізгілікті іздер", - дейді Нухұлы.

Сенаторлар үкіметке депутаттық сауал жолдап, жариялаған ұсыныстар бойынша тиісті шараларды қолға алуды сұрады.

Оқи отырыңыз: 

9
Кілт сөздер:
ескерткіш, есімін беру, депутат
Тақырып бойынша
Алаш арыстарына ескерткіш ашылды
Алаш идеясы тығырыққа тірелді: Байтұрсынұлы кеңес өкіметі жағына не үшін өтті
Алаш зиялысы Жақып Ақбаев туралы не білеміз
Алматы облысынан табылған Алаш арыстарының сүйегі қайта жерленді
жолдағы шұңқырлар

Министрлік ресейлік актердің "Атырау-Астрахань" жолына қатысты сынына жауап берді

28
(Жаңартылды 12:18 23.09.2021)
Орталық Азия елдерінен келетін транзиттік көліктің артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік актер, шоумен Станислав Ярушиннің "Астрахань-Атырау" жолы туралы "мұндай нашар жолды өмірімде бірінші рет көріп тұрмын" деген сөзінен кейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолдың сапасына қатысты түсініктеме берді. 

"Жалпы ұзындығы 277 шақырымдық "Атырау-Астрахань" автожолы өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. 8 тоннаға дейінгі салмақты көтеретін III техникалық санаттағы республикалық маңызы бар жол. Жолдың техникалық жағдайы ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары есебінен сақталды. Орталық Азия елдерінен келетін ауыр жүк тасымалдайтын транзиттік көлік құралдарының артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлады", - делінген хабарламада.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, 2018-2019 жылдары "Атырау-Астрахань" жолының барлық шақырымына жобалау-сметалық құжат әзірленді.

2019 жылы Ресей Федерациясы шекарасынан Ганюшкино кентіне дейін ұзындығы 60 шақырымдық бірінші учаскені қайта жаңарту басталды.

"Ұзындығы 217 шақырым болатын қалған учаскелерде құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы басталды. Биыл ұзындығы 92 шақырымдық учаске пайдалануға беріліп, қалған 185 шақырымындағы жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр", - деді ведомстводағылар.

Оқи отырыңыз: 

 

28
Кілт сөздер:
жол, Атырау, сын
Тақырып бойынша
1 қарашадан бастап Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады
Ақылы жолдар мәселесі: көлік жүргізушілерінің наразылығы немен аяқталды
Нұр-Сұлтаннан Балқашқа дейінгі жаңа жол қашан ашылады