Қоғам

Экс-министр Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы ұзартылды

© Sputnik / Владислав ВодневЕлжан Біртанов
Елжан Біртанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Сот қорғаушылардың үйқамақты ұзарту туралы өтініш кеш берілді деген сөзін жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзарту туралы шешім шығарды.

 "Күдікті Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін қылмыстық іс құжаттарымен танысу аралығында тағы екі айға ұзарту туралы өтініш қанағаттандырылды. Қылмыстық іс құжаттарымен танысу үшін күдіктінің үйқамақ мерзімі 14 қарашаның 21 сағат 56 минутына дейін ұзартылсын", - деді судья Талғат Ақшабаев. 

Ол қорғаушылардың өтініш кеш берілгені туралы сөзін жоққа шығарды. Оның айтуынша, үйқамақ мерзімін ұзарту туралы өтініш сотқа 10 қыркүйекте берілді.

Бұған дейін Біртановтың ағасы тергеу туыстарына қысым көрсетіп отырғанын айтқан болатын

Біртановқа қандай айып тағылды

Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті (бұл қызметті ол 2017 жылдан бері атқарды). Бұрынғы шенеуніктің ұсталғаны туралы қарашаның басында белгілі болды: сол айда Біртанов үй қамауына алынды, ол әлі күнге дейін қамауда отыр.

Бастапқыда Біртановқа мемлекет ақшасын жымқырды деген айып тағылды, алайда сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін бес күн бұрын бап "лауазымдық өкілетін теріс пайдалану" деп өзгертілді.

Қаржы мониторингі агенттігінің пікірінше, Біртанов пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық деректі біріктіруге тиіс болған жұмыс істемейтін ақпараттық платформаны қабылдап, пайдалануға берді. Қазір платформа жұмыс істемейді, ал орындалмаған жұмыстардың құны 1,5 миллиард теңгеге бағаланады.

Бұдан басқа Біртановқа өкілетін асыра пайдаланды деген тағы бір айып тағылған. Ол 2020 жылдың маусымында Тараздан Нұр-Сұлтанға жету үшін санавиация ұшағын заңсыз пайдаланған деген күдіккен ілінді.

Оқи отырыңыз: Біртанов премьер-министр мен әріптестерін СOVID-тен қалай құтқарды

 

Жаңалықтар
0