Смартфон, телефон

"5G қатерлі ісік пен аутизм тудырады": желіде тағы бір ақпарат тарады

773
Түрлі елде тәуелсіз ғалымдар технологияның қауіпсіздігі бойынша зерттеулер жүргізген. Мамандар 5G қатерлі ісік және аутизм сияқты дерт арасында байланыс анықтаған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтар 5G технологиясы қатерлі ісік пен аутизм тудыратындықтан, жаңашылдықпен күресуге шақырады. Бұл жалған ақпарат, деп жазады Stopfake.kz.

"5G технологиясы –  24 ГГц және одан жоғары диапазонда жұмыс істейтін ұялы байланыстың жаңа форматы. Бұл жаңа толқындардың немесе сәулеленудің түрі емес. Wi-Fi технологиялары, полиция радарлары, жерге жақын кейбір жерсеріктер сынды толқындарда жұмыс істейді", - деп жазылған ақпаратта.

Технология жаңа типтегі толқындардың немесе олардың бұрын-соңды қолданылмай келген жиілігінің емес, Massive MIMO және Beam Forming технологияларының арқасында жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ете алады.

Түрлі елде тәуелсіз ғалымдар технологияның қауіпсіздігі бойынша зерттеулер жүргізген. Мамандар 5G қатерлі ісік және аутизм сияқты дерт арасында байланыс анықтаған жоқ.

Австралия онкологиялық кеңесінің сайтында 5G технологиясын енгізудің азаматтар арасында онкологиялық аурулардың дамуына әсер ету ықтималдығы өте төмен екені айтылған. 

5G желілері аутизмді тудыруы мүмкін деген теория 2019 жылдан бері теріске шығарылып келеді. Бүгінгі таңда аутизмнің дамуының нақты себептері толық зерттелмеген, бірақ рецензияланған беделді ғылыми зерттеулердің ешқайсысы 5G технологиясы мен аурудың арасында байланыс барын анықтай алмады.

773
Кілт сөздер:
қатерлі ісік
Тақырып бойынша
Қазнетте мұғалімнің атынан жалған хабарлама тарады
"Вакцина алғандар 2 жылдан кейін қайтыс болады": әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарады
Қазақстандықтар маскадан у табылғаны туралы ақпаратты талқылап жатыр
Спутник V аутоиммундық аурулар тудыратыны туралы жалған ақпарат тарады
Желіде балаларға вакцина салуға қатысты жалған ақпарат тарады
Архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанға қарай жолға шыққан қызылордалық он күннен бері табылмай жатыр

59
(Жаңартылды 18:04 22.09.2021)
Жігітті туыстары, полиция мен еріктілер іздестіріп жатыр. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Жеке көлігімен Қызылорда қаласынан Нұр-Сұлтанға кеткен 25 жастағы жігіт он күн бойы туыстарымен байланысқа шықпаған. Полиция іздеу жұмыстарын бастады.

Пропавший житель Кызылорды Самат Бегимбай
© Photo : ОФ "Волонтеры Кызылорды"
Хабар-ошарсыз кеткен Қызылорда тұрғыны Самат Бегімбай

"Қызылорда еріктілері" қоғамдық қоры қазақстандықтардан жоғалған адам туралы ақпаратты өңірлерде барынша таратуды сұрады. Туыстары жолға шыққан жас жігіттен он күн бойы хабар ала алмай отыр.

"Самат Бегімбай 12 қыркүйек таңғы он шамасында қара түсті Subaru Legacy көлігіне отырып Жезқазған тас жолымен Қызылордадан Нұр-Сұлтанға кеткен. Содан бері байланысқа шыққан жоқ", - деп мәлімдеді қордағылар.

Жігіт 25 жаста, өзімен бірге ноутбугы мен жеке заттары болған. Жоғалған күні үстіне сұр түсті спорт киімін киген.

Қала полициясы кез келген ақпарат іздеу жұмыстары үшін маңызды екенін айтты.

"Жас жігіт іздестіріліп жатыр, барлық ресурс жұмылдырылды. Ол жайлы кез келген ақпарат үшін ризашылығымызды білдіреміз, - деді полициядағылар.

Із-түзсіз кеткен ер адамды көрген-білгендер болса, "102" нөміріне хабарласуына болады.

Оқи отырыңыз: 

59
Кілт сөздер:
Қызылорда, полиция, жас жігіт
Көлік, патруль

Алматы көшелеріне "сергек-патруль" шықты видео

42
Алдағы уақытта кешен автобус жолағымен жүретін және рұқсат етілмеген жерде тоқтаған көліктерді де анықтайтын болады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматыда "Сергек" жүйесін патрульдік көлік төбесіне орнатты. Бұл бастама пилоттық жоба аясында қолға алынып отыр.

"Сергек-патруль" — аппараттық-бағдарламалық кешен (АБК). Оның сыртқы және ішкі бейнебақылау жүйесі және функционалды талдау модульдері бар. Бір модуль салон ішінде алдыңғы терезеге орнатылады. Ол видео мен дыбыс жазады. Ал сыртқы бақылау модулі көлік төбесінде тұрады. Камера жолдың жүретін бөлігі мен шетін алып тұруы тиіс, деп хабарлайды Көркем Телеком" компаниясы.

"Шетелде осы іспетті Ekin Patrol G2, Кибер-Шериф, Дозор-М және тағы басқа техникалық құралдар бар. Біз болсақ, отандық өнім - "Сергек-патрульді" жасап шығардық", - дейді компания өкілдері.

Алматыда әкімшілік полицияның көлігіне "Сергек-Патруль" пилоттық жоба аясында орнатылды.

"Сергек-патруль" нені тіркейді

Аппараттық-бағдарламалық кешен бейнебақылау камерасы арқылы көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін сканерлеп шығады. Одан кейін жасанды интеллект көмегімен салық, алимент, айыппұлды автоматты түрде тексереді. Жалған нөмірлерді де бірден анықтайды. Сондай-ақ, іздеуге салынған көліктерді табуға көмектеседі.

"Сергек-патруль" жол жүру ережесін бұзған көлікке автоматты түрде айыппұл салмайды. Бірақ салонда отырған полицей хаттама толтыра алады.

Алдағы уақытта кешен автобус жолағымен жүретін және рұқсат етілмеген жерде тоқтаған көліктерді де анықтайтын болады.

42
Кілт сөздер:
Алматы, көше, видео, көлік
Тақырып бойынша
"Сергек" камерасы қандай заңбұзушылықты анықтай алмайды?
"Бүкіл жасақ сол жерге жиналды": патрульдік полицияның бір күні – фоторепортаж
"Айына 350 мың теңге": патрульдік полицейлердің жалақысы жарияланды
"Балта лақтырды": Алматының патрульдік полициясы түнде қалай жұмыс істейді - фото
Қапшағайдың мас тұрғыны полицей патрульдік автокөлігіне шабуыл жасады
Архивтегі сурет

Шымкентте ер адам аттракционда көз жұмды

0
Технопаркке келген ер адам шамамен 45-50 жаста, "Молоток" аттракционында оның жағдайы нашарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте "Қиял әлемі" технопаркінде ер адам қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша марқұмның жүрек талмасы ұстаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өлім себебін анықтап жатыр.

Технопаркте демалған куәгерлердің айтуынша, "Молоток" аттракционында 45-50 жастағы ер адам өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды otyrar.kz порталы.

Ер адамның жағдайы нашарлағанын байқаған адамдар бірден жедел жәрдем шақырады, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Алдын ала қорытынды бойынша ер адамның жүрек талмасы ұстаған.

Сондай-ақ куәгерлер дәрігерлер келгенше дейін технопарк қызметкерлері де оған көмектесуге тырысқанын айтты. Бірақ оларда тіпті қарапайым дәрі қобдишасы да болмапты.

Бұл факті бойынша тексеріс басталды. Технопарк жұмысы уақытша тоқтатылды.

Өкінішке қарай, бұл "Қиял әлемі" технопаркінде болған алғашқы қайғылы оқиға емес. Биыл мамыр айында жазатайым оқиғадан 17 жастағы жігіт мерт болған еді. Жігіт мектеп бітірген, саябақта қосымша жұмыс істегені хабарланды. Ол аттракционың металл құрылымына шығып, құлап кеткен. Бозбала жедел жәрдем қызметі келгенше, оқиға орнында жан тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Шымкент, аттракцион