Орталық және Оңтүстік Азия елдері бас штабтарының бастықтары өңірдегі қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Бірнеше елдің бас штаб бастықтары Ауғанстандағы жағдайды талқылады

67
Конференцияға қатысушылар ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ның өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі мен орнын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Орталық және Оңтүстік Азия елдері бас штаб бастықтарының конференциясы өтті.

Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, АҚШ, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері өңірдегі қауіпсіздік шеңберіндегі ахуалды, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды талқылады, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Конференцияға қатысушылар қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ өңірлік құрылымдар, оның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі мен орнын қарады", - делінген хабарламада.

Сонымен қоса Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттерінің ынтымақтастық перспективалары мен бағыттары айқындалды.

Осы шара аясында қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов Өзбекстан, Пәкістан мемлекеттеріндегі әріптестерімен, сондай-ақ АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысымен бірге бірқатар кездесуге қатысты.

Қорғаныс министрлігі бұл конференция 2015 жылдан бері өңірдегі елдерде және одан тыс жерлерде де өткізіліп келе жатқанын атап өтті.

67
Архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанға қарай жолға шыққан қызылордалық он күннен бері табылмай жатыр

60
(Жаңартылды 18:04 22.09.2021)
Жігітті туыстары, полиция мен еріктілер іздестіріп жатыр. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Жеке көлігімен Қызылорда қаласынан Нұр-Сұлтанға кеткен 25 жастағы жігіт он күн бойы туыстарымен байланысқа шықпаған. Полиция іздеу жұмыстарын бастады.

Пропавший житель Кызылорды Самат Бегимбай
© Photo : ОФ "Волонтеры Кызылорды"
Хабар-ошарсыз кеткен Қызылорда тұрғыны Самат Бегімбай

"Қызылорда еріктілері" қоғамдық қоры қазақстандықтардан жоғалған адам туралы ақпаратты өңірлерде барынша таратуды сұрады. Туыстары жолға шыққан жас жігіттен он күн бойы хабар ала алмай отыр.

"Самат Бегімбай 12 қыркүйек таңғы он шамасында қара түсті Subaru Legacy көлігіне отырып Жезқазған тас жолымен Қызылордадан Нұр-Сұлтанға кеткен. Содан бері байланысқа шыққан жоқ", - деп мәлімдеді қордағылар.

Жігіт 25 жаста, өзімен бірге ноутбугы мен жеке заттары болған. Жоғалған күні үстіне сұр түсті спорт киімін киген.

Қала полициясы кез келген ақпарат іздеу жұмыстары үшін маңызды екенін айтты.

"Жас жігіт іздестіріліп жатыр, барлық ресурс жұмылдырылды. Ол жайлы кез келген ақпарат үшін ризашылығымызды білдіреміз, - деді полициядағылар.

Із-түзсіз кеткен ер адамды көрген-білгендер болса, "102" нөміріне хабарласуына болады.

Оқи отырыңыз: 

60
Кілт сөздер:
Қызылорда, полиция, жас жігіт
Көлік, патруль

Алматы көшелеріне "сергек-патруль" шықты видео

42
Алдағы уақытта кешен автобус жолағымен жүретін және рұқсат етілмеген жерде тоқтаған көліктерді де анықтайтын болады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматыда "Сергек" жүйесін патрульдік көлік төбесіне орнатты. Бұл бастама пилоттық жоба аясында қолға алынып отыр.

"Сергек-патруль" — аппараттық-бағдарламалық кешен (АБК). Оның сыртқы және ішкі бейнебақылау жүйесі және функционалды талдау модульдері бар. Бір модуль салон ішінде алдыңғы терезеге орнатылады. Ол видео мен дыбыс жазады. Ал сыртқы бақылау модулі көлік төбесінде тұрады. Камера жолдың жүретін бөлігі мен шетін алып тұруы тиіс, деп хабарлайды Көркем Телеком" компаниясы.

"Шетелде осы іспетті Ekin Patrol G2, Кибер-Шериф, Дозор-М және тағы басқа техникалық құралдар бар. Біз болсақ, отандық өнім - "Сергек-патрульді" жасап шығардық", - дейді компания өкілдері.

Алматыда әкімшілік полицияның көлігіне "Сергек-Патруль" пилоттық жоба аясында орнатылды.

"Сергек-патруль" нені тіркейді

Аппараттық-бағдарламалық кешен бейнебақылау камерасы арқылы көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін сканерлеп шығады. Одан кейін жасанды интеллект көмегімен салық, алимент, айыппұлды автоматты түрде тексереді. Жалған нөмірлерді де бірден анықтайды. Сондай-ақ, іздеуге салынған көліктерді табуға көмектеседі.

"Сергек-патруль" жол жүру ережесін бұзған көлікке автоматты түрде айыппұл салмайды. Бірақ салонда отырған полицей хаттама толтыра алады.

Алдағы уақытта кешен автобус жолағымен жүретін және рұқсат етілмеген жерде тоқтаған көліктерді де анықтайтын болады.

42
Кілт сөздер:
Алматы, көше, видео, көлік
Тақырып бойынша
"Сергек" камерасы қандай заңбұзушылықты анықтай алмайды?
"Бүкіл жасақ сол жерге жиналды": патрульдік полицияның бір күні – фоторепортаж
"Айына 350 мың теңге": патрульдік полицейлердің жалақысы жарияланды
"Балта лақтырды": Алматының патрульдік полициясы түнде қалай жұмыс істейді - фото
Қапшағайдың мас тұрғыны полицей патрульдік автокөлігіне шабуыл жасады
Лесная поляна

Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын автобус іске қосылады

0
Жаңа бағыттағы автобустар аптаның барлық күні қатынайтын болады, бұл Қосшы қаласының қоғамдық көлігінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Елордада "Лесная поляна" елді мекені – Назарбаев Университеті" бағытында қала маңына қатынайтын жаңа маршрут іске қосылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"25 қыркүйектен бастап Қосшы қаласы тұрғындарының өтініші бойынша "Лесная поляна" елді мекені – Назарбаев Университеті" бағытындағы №323 қала маңына қатынайтын жаңа маршрут іске қосылады", - делінген хабарламада.

Маршруттың қозғалысы "ЭКО-Маркет "Минимаркеті" аялдамасынан басталады, ары қарай Қарқаралы тасжолы – Қабанбай батыр даңғылының бойы, ал соңғы пункт – "Назарбаев Университеті".

Жаңа бағыттағы автобустар аптаның барлық күні қатынайтын болады, бұл Қосшы қаласының қоғамдық көлігінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

"Жолаушылар қоғамдық көлікте маска режимін сақтауды ұмытпауы керек. Автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жолақысы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады", - деді әкімдіктегілер.

Оқи отырыңыз:

0
Кілт сөздер:
автобус, Нұр-Сұлтан, қоғамдық көлік
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда тағы 100 электрлі автобус пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтанда тағы бір автобус жолағы іске қосылады
Нұр-Сұлтанда көлік қозғалысы тәртібіне өзгеріс енгізіледі