Қоғам

Путин Алматыдағы атыста жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасты

© Sputnik / Тимур БатыршинОцепление места массового убийства, где алматинец расстрелял пять человек, в том числе двух полицейских и судисполнителя
Оцепление места массового убийства, где алматинец расстрелял пять человек, в том числе двух полицейских и судисполнителя - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
Алматыдағы төтенше жағдайдың салдарынан бес адам – ​​екі полиция қызметкері, бір жеке сот орындаушысы және екі тұрғын қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі. 

Тоқаев Путинді Мемлекеттік дума депутаттары сайлауының сәтті өтуімен құттықтады. Саясаткерлер сондай-ақ ҰҚШҰ және ШЫҰ аясында ұйымдастырылған таяудағы көпжақты шаралардың жұмысын талқылап, қол жеткізілген келісімдерге қанағаттанатындарын білдірді.  

"Қасым-Жомарт Тоқаев Пермьдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. Ал Владимир Путин Алматыдағы атыс салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғысына ортақтасып көңіл білдіруді сұрады", - делінген хабарламада.   

Дүйсенбі күні, 20 қыркүйекте кешке Алматыда атыс болды. Бірнеше полиция қызметкері, жеке сот орындаушылары және үйдің жаңа иесі борышкерді шығару туралы соттың шешімін орындауға келген.

Оқ атқан адамның отбасына тиесілі үй бұрын банкке қарыз болғаны үшін сатылған. Жеке үй сот орындаушысы арқылы үшінші тұлғаға сатылды. Бұрынғы иесі сот шешімімен келіспей, үйді бергісі келмеген. Сот жаңа үй иесінің жағына шықты. Үйге кірмек болған кезде бұрынғы иесі оқ жаудырды.

Бес адам қаза тапты: екі полиция қызметкері, бір жеке сот орындаушысы және екі тұрғын, олардың бірі үйдің жаңа иесі. 1967 жылы туған күдікті ұсталды, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0