Алматы, ана мен бала

Көпбалалы отбасы мен жастарға қалай баспана алуға болады

112
(Жаңартылды 11:37 21.09.2021)
Алматыда жеңілдікпен берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында тағы мыңға жуық жас отбасы пәтермен қамтылады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек — Sputnik. Алматы тұрғын үй саясаты басқармасы жетекшісінің орынбасары Ермек Әміров қолжетімді баспанамен қамту шаралары туралы айтып берді. Оның сөзінше, мұндай баспананы Отбасы банктің "Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы алуға болады.

"Бұл бағдарлама арқасында көпбалалы, толық емес, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы нарықта жаңа салынған немесе ертеректе тапсырылған пәтерді ала алады. Үш жыл ішінде бағдарламаға 634 алматылық отбасы қатысты", - деді Әміров брифинг барысында.

Тұрмысы төмен тұрғындар кезегіндегілерге тұрғын үй сертификаты да беріледі. Оларды қайтарудың қажеті жоқ. Бұл сома Отбасы банкіндегі жеңілдікпен берілетін ипотеканың алғашқы жарнасын жабу үшін қарастырылған. 

Сертификатты қалай алуға болады

Сертификат I және II топ мүгедектеріне, жетім балаларға, мүгедек бала асырап отырған отбасыға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасыға беріледі. Бұл үшін Алматы әкімдігі жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңге бөлді. Сомасы 1 миллион теңге болатын 2 000 қайтарымсыз сертификат табысталады.

Жұмыс істейтін жастар "Алматы жастары" бағдарламасына қатыса алады. Оның аясында 1 000 жас отбасы баспанамен қамтылды.

"Биыл тағы 1 000 жас отбасы баспаналы болады. Қазіргі уақытта олардың 772-сі пәтер алды", - деді Әміров.

Бұған қоса, тағы 1 050 жұмыс істейтін жасты 5 жылға дейін жалға берілетін баспанамен қамту жоспарланып отыр.

112
Кілт сөздер:
Алматы, көпбалалы отбасы, жастар, баспана
Тақырып бойынша
Қазақстанда баспана бағасын төмендету үшін шұғыл шаралар қабылданады
Қалай баспана алуға болады: Қазақстанда іске асып жатқан тұрғын үй бағдарламалары
Баспана бағасы арзандай ма – сарапшылар болжам жасады
Учаскелік инспекторлардың жалақысын өсіріп, баспана береміз – Тұрғымбаев
Қазақстанда баспана бағасы төмендеп келеді
астрология, гороскоп

Астролог қандай зодиак белгісіндегі әйелдер ең ақылды екенін айтты

5308
(Жаңартылды 15:54 24.10.2021)
Бұл белгілердегі әйелдердің бәрі алған бетінен қайтпайтын еңбекқор келеді. Әрқашан дамуға, жаңа биіктерге ұмтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Астролог қандай зодиак белгісіндегі әйелдер ең ақылды екенін айтты. Олар өмірде жетістікке оңай жетеді. Өйткені интеллект туа бітеді, деп жазады Times of India басылымы.

Сарышаян — ең ақылдылардың бірі. Бұл белгінің өкілдері өз идеясын жүзеге асыру жолында тыным таппайды.  Сарышаяндар әрдайым табандылық танытады. Олар өзгелерге жұмбаққа толы, тұйық адам болып көрінеді.

Балықтар табиғатынан ақылды. Жаңа әрі түрлі көзқарасты оңай талдап, қабылдай алатын керемет қабілетке ие. Балықтар әрқашан өсуге және дамуға дайын, бұл олардың ақылды болуына көмектесетін маңызды қасиеттердің бірі. Балықтар эмоционалдық тұрғыдан да ересек.

Тауешкі әйелдер өте ақылды және өз ісіне адал. Олар қажетсіз нәрсеге уақыт жұмсауды ұнатпайды. Тауешкі тынбай еңбектенеді.

Суқұйғыш өзінің шығармашылық қабілетін мақтан тұтуы мүмкін. Олар мұндай жұмысты оңай орындайтынын жақсы біледі, сондықтан әдетте көп мақтанады. Бұл белгінің өкілдері суыққанды болады.

Таразы, әдетте, білімді және таразыны қалай теңестіру керектігін біледі. Олардың тапқырлығы, расында да, таңғалдырады. Өйткені  бар жұмысты  өте жақсы орындайды. Бұл белгінің өкілдері сирек қателеседі.

5308
Кілт сөздер:
астролог, әйелдер, ақыл
Тақырып бойынша
Қазақстандық маман қараша айында не істеуге болмайтынын айтты
Астролог интуициясы жақсы дамыған зодиак белгілерін атады
Саясаттағы ықпалды қазақстандық әйелдер туралы не білеміз
Әлемдегі ең ұзын әйелдер – 10 таңғажайып фото
Жас ғалым әйелдер үшін арнайы квота енгізіледі – БҒМ
Архивтегі сурет

Сегіз жасар оқушы Қазақстанның Шекара қызметіне қабылданды

133
Ұлан айына кемінде үш рет теңізге келеді. Күні бойы сарбаздарға көмектесіп,  түрлі тапсырманы орындайды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Ақтаулық сегіз жасар оқушы Ұлан Төлеуханов еліміздегі "ең жас шекарашы" атанды.

Жуырда жеткіншекті Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант Дархан Ділманов "Шекара қызметінің үздігі" төсбелгісімен марапаттады.

Бүгінде жас өрен Каспий теңізінің аумағын күзетуге үлес қосып жүр. Құрдастары телефонда ойын ойнаса, жас шекарашы қызығушылығын күнделікті ісіне айналдырған, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

"Кемеде командирдің қызметі қиын деп ойлаймын, ол теңізшілерге тапсырма  береді, қателік болып қалса, ойланады, қайтадан айтып, істетеді. Қателік болмау керек. Ауа-райы жаман болуы мүмкін, шайқалып жатуы мүмкін. Достарым да көрді, суреттеріме қарап қызығады, медаліме, формама қызығады", - дейді шекара қызметінің үздігі Ұлан Төлеухан.

Ұлан айына кемінде 3 рет осында келеді. Мұнда күні бойы сарбаздарға көмектесіп,  түрлі тапсырманы орындайды. Әскери көлікте өзін еркін сезініп, кәдуілгі теңізшілердей әрекет етеді. Ата-анасы да ұлын қолдайды.

"Үйінде жүргендей сезініп жүреді. Жас сарбаздармен тіл табысып алған, командирлердің бәрін біледі. Ұланның шекара қызметінде туылғаннан бастап, менімен бірге шекара қызметінде шекара заставаларына шығып жүрді. Әскери киім кигісі келді. Жұмыстан келген уақытта фурашкамды, көйлегімді киіп жүреді, төсбелгілерімді тағып жүреді", - дейді әкесі, ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы департаменті әскери-патриоттық басқармасының аға офицері Ерсін Қайбуллин.

Ұлан "Жас шекарашы" әскери патриоттық үйірмесінің мүшесі. Осында әскери қызметтің алғашқы әліпбиін таныған. Түрлі шараларға атсалысып, департамент ұйымдастырған патриоттық конкурстарға қатысады. Сондықтан да арнайы төсбелгі алып, экипаж мүшесі болуға мүмкіндік алған.

Оқи отырыңыз: Шекарашылар күні: ел шебін күзетіп жүргендердің тыныс-тіршілігі – фото

"Ұлан таудай талабымен Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметі департаментінің беделін көтеруге атсалысуда. Клубтың басты мақсаты – жастарымызды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу. Іс шара бойынша ардагерлермен кездесу, сұхбаттар өткізу, сонымен қатар әскери бөлімшелерге барып, қару-жарақ, техника түрлерімен танысу, ашық есік аясында бір күндік әскери қызметшілерің, шекарашылардың өмірімен танысу жоспарлануда", - деді ҚР ҰҚК ШҚ МО департаменті тәрбие-идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері Рамиль Жексенбаев.

Ақтауда әзірге бір үйірме бар. Алдағы уақытта тағы екеуін ашу жоспарланған. Осылайша, Ұлан сияқты жас патриоттарды дайындау көзделіп отыр. 

Айта кетері, шекара қызметі тек жағалауды күзетпей, браконьерлерді де қолға түсіреді. Ұлан да болашағын осы мамандықпен байланыстырады.

133
Кілт сөздер:
шекарашы, теңіз, Ақтау
Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

141
(Жаңартылды 21:03 24.10.2021)
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті
Іс-шара барысында президенттер шабандоздардың өнерін тамашалады

Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті. 

Іс-шара барысында олар шабандоздардың өнерін тамашалады.

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті
Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды.

Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Токаев прибыл в Ашхабад с государственным визитом
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады.

141