Қоғам

Алматы көшелеріне "сергек-патруль" шықты – видео

© Sputnik / Владислав ВодневМигалки на автомобиле полиции, архивное фото
Мигалки на автомобиле полиции, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Алдағы уақытта кешен автобус жолағымен жүретін және рұқсат етілмеген жерде тоқтаған көліктерді де анықтайтын болады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматыда "Сергек" жүйесін патрульдік көлік төбесіне орнатты. Бұл бастама пилоттық жоба аясында қолға алынып отыр.

"Сергек-патруль" — аппараттық-бағдарламалық кешен (АБК). Оның сыртқы және ішкі бейнебақылау жүйесі және функционалды талдау модульдері бар. Бір модуль салон ішінде алдыңғы терезеге орнатылады. Ол видео мен дыбыс жазады. Ал сыртқы бақылау модулі көлік төбесінде тұрады. Камера жолдың жүретін бөлігі мен шетін алып тұруы тиіс, деп хабарлайды Көркем Телеком" компаниясы.

"Шетелде осы іспетті Ekin Patrol G2, Кибер-Шериф, Дозор-М және тағы басқа техникалық құралдар бар. Біз болсақ, отандық өнім - "Сергек-патрульді" жасап шығардық", - дейді компания өкілдері.

Алматыда әкімшілік полицияның көлігіне "Сергек-Патруль" пилоттық жоба аясында орнатылды.

"Сергек-патруль" нені тіркейді

Аппараттық-бағдарламалық кешен бейнебақылау камерасы арқылы көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін сканерлеп шығады. Одан кейін жасанды интеллект көмегімен салық, алимент, айыппұлды автоматты түрде тексереді. Жалған нөмірлерді де бірден анықтайды. Сондай-ақ, іздеуге салынған көліктерді табуға көмектеседі.

"Сергек-патруль" жол жүру ережесін бұзған көлікке автоматты түрде айыппұл салмайды. Бірақ салонда отырған полицей хаттама толтыра алады.

Алдағы уақытта кешен автобус жолағымен жүретін және рұқсат етілмеген жерде тоқтаған көліктерді де анықтайтын болады.

Жаңалықтар
0