Архивтегі фото

Баспана жалдау құны арзандай ма мамандар не дейді

386
(Жаңартылды 16:51 29.09.2021)
Ермек Мүсірепов бір және екі бөлмелі пәтерлерді жалдау 30 процентке қымбаттағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Баспана жалдау құны биыл арзандамайды. Бұл туралы Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов мәлімдеді, деп хабарлады Хабар 24.

LS агенттігіне берген сұхбатында ол бір және екі бөлмелі пәтерлерді жалдау 30%-ке қымбаттағанын айтты. Ал тамызда баға тіпті шарықтап кеткен.

"Бұның бірден бір себебі үй иелері соңғы бір жарым жылда жоғалған пайданың орнын толтырғысы келді", - деді Мүсірепов.

Айтуынша, қазір Алматыда 2000 жылға дейін салынған үйде бір бөлмелі пәтер 180 мың теңге тұрады. Нұр-Сұлтандағы жаңа кешендерде шамамен 150 мың теңге. Бірақ бұл өсімнен кейін жақын арада жалдамалы үйлердің бағасы айтарлықтай өзгермейді деді сала маманы.

Дегенмен бұған дейін Қазақстан риэлторлары қауымдастығының вице-президенті Елена Грива пәтер жалдау ақысы арзандайды деген болатын. Себебі баға жыл сайын құбылып тұрады.

"Бұның бәрі жыл сайын болатын нәрсе ғой. Жаңа оқу жылының алдында студенттер көп келеді. Жатақханада орын аз. Сосын жатақханада тұрғысы келмейтін жастар болады. Олардың барлығы жалдамалы пәтер іздейді. Ал сұраныс көбейген жерде баға көтеріледі. Біршама уақыттан кейін баға төмендейді. Бір қызығы, жалға беру құны 20 процентке өссе, артынан 10 процентке ғана түседі. Сонда бәрібір баға бұрынғыдай болмайды. Келесі жылы тағы солай, сөйтіп, 10 процентке көтеріліп келеді", - дейді Грива.

Оқи отырыңыз: 

386
астрология, гороскоп

Астролог қандай зодиак белгісіндегі әйелдер ең ақылды екенін айтты

5249
(Жаңартылды 15:54 24.10.2021)
Бұл белгілердегі әйелдердің бәрі алған бетінен қайтпайтын еңбекқор келеді. Әрқашан дамуға, жаңа биіктерге ұмтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Астролог қандай зодиак белгісіндегі әйелдер ең ақылды екенін айтты. Олар өмірде жетістікке оңай жетеді. Өйткені интеллект туа бітеді, деп жазады Times of India басылымы.

Сарышаян — ең ақылдылардың бірі. Бұл белгінің өкілдері өз идеясын жүзеге асыру жолында тыным таппайды.  Сарышаяндар әрдайым табандылық танытады. Олар өзгелерге жұмбаққа толы, тұйық адам болып көрінеді.

Балықтар табиғатынан ақылды. Жаңа әрі түрлі көзқарасты оңай талдап, қабылдай алатын керемет қабілетке ие. Балықтар әрқашан өсуге және дамуға дайын, бұл олардың ақылды болуына көмектесетін маңызды қасиеттердің бірі. Балықтар эмоционалдық тұрғыдан да ересек.

Тауешкі әйелдер өте ақылды және өз ісіне адал. Олар қажетсіз нәрсеге уақыт жұмсауды ұнатпайды. Тауешкі тынбай еңбектенеді.

Суқұйғыш өзінің шығармашылық қабілетін мақтан тұтуы мүмкін. Олар мұндай жұмысты оңай орындайтынын жақсы біледі, сондықтан әдетте көп мақтанады. Бұл белгінің өкілдері суыққанды болады.

Таразы, әдетте, білімді және таразыны қалай теңестіру керектігін біледі. Олардың тапқырлығы, расында да, таңғалдырады. Өйткені  бар жұмысты  өте жақсы орындайды. Бұл белгінің өкілдері сирек қателеседі.

5249
Кілт сөздер:
астролог, әйелдер, ақыл
Тақырып бойынша
Қазақстандық маман қараша айында не істеуге болмайтынын айтты
Астролог интуициясы жақсы дамыған зодиак белгілерін атады
Саясаттағы ықпалды қазақстандық әйелдер туралы не білеміз
Әлемдегі ең ұзын әйелдер – 10 таңғажайып фото
Жас ғалым әйелдер үшін арнайы квота енгізіледі – БҒМ
Архивтегі сурет

Сегіз жасар оқушы Қазақстанның Шекара қызметіне қабылданды

132
Ұлан айына кемінде үш рет теңізге келеді. Күні бойы сарбаздарға көмектесіп,  түрлі тапсырманы орындайды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Ақтаулық сегіз жасар оқушы Ұлан Төлеуханов еліміздегі "ең жас шекарашы" атанды.

Жуырда жеткіншекті Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант Дархан Ділманов "Шекара қызметінің үздігі" төсбелгісімен марапаттады.

Бүгінде жас өрен Каспий теңізінің аумағын күзетуге үлес қосып жүр. Құрдастары телефонда ойын ойнаса, жас шекарашы қызығушылығын күнделікті ісіне айналдырған, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

"Кемеде командирдің қызметі қиын деп ойлаймын, ол теңізшілерге тапсырма  береді, қателік болып қалса, ойланады, қайтадан айтып, істетеді. Қателік болмау керек. Ауа-райы жаман болуы мүмкін, шайқалып жатуы мүмкін. Достарым да көрді, суреттеріме қарап қызығады, медаліме, формама қызығады", - дейді шекара қызметінің үздігі Ұлан Төлеухан.

Ұлан айына кемінде 3 рет осында келеді. Мұнда күні бойы сарбаздарға көмектесіп,  түрлі тапсырманы орындайды. Әскери көлікте өзін еркін сезініп, кәдуілгі теңізшілердей әрекет етеді. Ата-анасы да ұлын қолдайды.

"Үйінде жүргендей сезініп жүреді. Жас сарбаздармен тіл табысып алған, командирлердің бәрін біледі. Ұланның шекара қызметінде туылғаннан бастап, менімен бірге шекара қызметінде шекара заставаларына шығып жүрді. Әскери киім кигісі келді. Жұмыстан келген уақытта фурашкамды, көйлегімді киіп жүреді, төсбелгілерімді тағып жүреді", - дейді әкесі, ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы департаменті әскери-патриоттық басқармасының аға офицері Ерсін Қайбуллин.

Ұлан "Жас шекарашы" әскери патриоттық үйірмесінің мүшесі. Осында әскери қызметтің алғашқы әліпбиін таныған. Түрлі шараларға атсалысып, департамент ұйымдастырған патриоттық конкурстарға қатысады. Сондықтан да арнайы төсбелгі алып, экипаж мүшесі болуға мүмкіндік алған.

Оқи отырыңыз: Шекарашылар күні: ел шебін күзетіп жүргендердің тыныс-тіршілігі – фото

"Ұлан таудай талабымен Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметі департаментінің беделін көтеруге атсалысуда. Клубтың басты мақсаты – жастарымызды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу. Іс шара бойынша ардагерлермен кездесу, сұхбаттар өткізу, сонымен қатар әскери бөлімшелерге барып, қару-жарақ, техника түрлерімен танысу, ашық есік аясында бір күндік әскери қызметшілерің, шекарашылардың өмірімен танысу жоспарлануда", - деді ҚР ҰҚК ШҚ МО департаменті тәрбие-идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері Рамиль Жексенбаев.

Ақтауда әзірге бір үйірме бар. Алдағы уақытта тағы екеуін ашу жоспарланған. Осылайша, Ұлан сияқты жас патриоттарды дайындау көзделіп отыр. 

Айта кетері, шекара қызметі тек жағалауды күзетпей, браконьерлерді де қолға түсіреді. Ұлан да болашағын осы мамандықпен байланыстырады.

132
Кілт сөздер:
шекарашы, теңіз, Ақтау
Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

139
(Жаңартылды 21:03 24.10.2021)
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті
Іс-шара барысында президенттер шабандоздардың өнерін тамашалады

Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті. 

Іс-шара барысында олар шабандоздардың өнерін тамашалады.

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті
Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды.

Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Токаев прибыл в Ашхабад с государственным визитом
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады.

139