Қоғам

Иван Ургант Байқоңырда домбыра тартты

© Sputnik / Абзал Калиевдомбыра шерту
домбыра шерту - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
"Вечерний Ургант" экипаж мүшелері "Вызов" фильмінің түсіріліміне қатысатын ғарыш кемесін ұшыру сәтін көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан — Sputnik. Дүйсенбіде "Вечерний Ургант" Байқоңыр ғарыш айлағынан екінші рет эфирге шығады. Мұнда 5 қазанда Халықаралық ғарыш станциясына әлемдегі алғашқы "кино экипажын" аттандыру жоспарланып отыр.

"Вечерний Ургант" шоуының командасы экипаж мүшелері "Вызов" фильмінің түсіріліміне қатысатын ғарыш кемесін ұшыру сәтін көрсетеді. "Союз МС-19" ғарыш кемесі 5 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшады. Шоу жүргізушісі Иван Ургант пен қатысушылары зымыранды ұшыруға дайындық туралы айтып, кемені ғарышқа аттандыру сәтін көрсетеді.

Бағдарлама 1 және 4 қазан күндері эфирге шығады деп жоспарланды. Жүргізуші Иван Ургант тизерде Земляне тобының "Трава у дома" әнін домбыраның сүйемелдеуімен орындады. 1 қазанда "Первый канал" арқылы көрсетілген эфирге Imanbek те қатысты.

"Ол бүгін "Фрукты" тобына көмектеседі. Ол жақын жерде, Павлодарда тұрады. 1600 километрді жылдам еңсеріп, осында келді", - деп қалжыңдады Ургант.

"Вечерний Ургант" түсіріліміне 170-ке жуық көрермен – ғарыш айлағының жұмысшылары мен Байқоңыр қаласының тұрғындары шақырылды.

Кино экипажы ғарышқа ұшады

Көшпелі студия ұшыру алаңындағы далада жайғастырылды. Осы алаңнан 5 қазанда "Союз МС-19" зымыранымен әлемдегі тұңғыш кино экипажы ғарышқа аттанады. Экипаж құрамында командир Антон Шкаплеров, режиссер Клим Шипенко мен актриса Юлия Пересильд бар. 4 қазанда Ресейдің мемлекеттік комиссиясы кино экипаж мүшелерін бекітті.

Оларды және дублер әртістерді корпорацияның бас директоры Дмитрий Рогозиннің төрағалық етуімен мемлекеттік комиссия мақұлдады. Рогозин картина продюсерінің бірі ретінде де таныстырылды.

"Байқоңырдағы кездесулер ерекше. Шыны арқылы өтсе де, таңғажайып! @urgantcom, сендердің келгендерің жақсы болды! Ертең маңызды күн! Бүгін "рақмет" дегім келеді. Мен осынша махаббатты бұрын-соңды сезініп көрмеппін", - деп жазды Instagram парақшасында Юлия Пересильд.

Бұл кинематограф тарихындағы бұрын болмаған жағдай. Осылайша Роскосмос ғарышқа Голливуд жұлдыздары Том Круз бен режиссер Дага Лайманды аттандыруды жоспарлаған NASA мен SpaceX-тен озып отыр.

"Союз МС-19" кемесі бар "Союз-2.1а" зымыранын Байқоңыр ғарыш айлағындағы алаңнан ұшыру 5 қазанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14:55-ке жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0