Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген Қытайда имиджін өзгертті фото

11508
(Жаңартылды 15:39 05.10.2021)
Бұған дейін Димаш қытай сахнасына оралатынын айтқан болатын. Ол әлемдік шоу-бизнесте жұмысын жалғастыру үшін Қытайға аттанды

АЛМАТЫ, 5 қазан — Sputnik. Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа суретін жүктеді. Ол карантин кезінде шашы мен сақал-мұртын өсірді.

"Quarantine style in China", - деп жазды Димаш.

Әншінің жанкүйерлері бұл фотоға бірнеше пікір жазып жатыр. "Осылай да бәрі сүйіп тыңдайтын Димаш болып қала бересің", "Үйреншікті емес, бірақ жарасады", "Күндердің бір күнінде осындай сурет салатыныңды білдік", деп жазды олар.

Бұған дейін Димаш қытай сахнасына оралатынын айтқан болатын. Ол әлемдік шоу-бизнесте жұмысын жалғастыру үшін Қытайға аттанды. Бір айға жуық уақыт оқшауланғанын айтты. Осы уақыт ішінде командасымен бірге Қытайда не істейтінін жоспарлаған.

Кейін әртіс Қытайда өнер көрсеткен сәтінен видео жариялады. Ол Бейжің студенттік кинофестивалінде өзінің хитын орындады.

11508
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген, фото
Тақырып бойынша
Димаш Иманғали Тасмағамбетовтың қандай адам екенін айтты
"Кел, күнім сол": Димаш Құдайбергеннің әрекеті жұртты тамсандырды - видео
Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты жігіті атанды
Димаш Құдайберген Қытайға оралғанын мәлімдеді
Димаш Ave Marіа-ны өзгеше шырқады – видео
коронавирус

Оқушыларды ата-ана келісімінсіз вакциналау туралы бұйрық шыққаны рас па

1
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарды әлеуметтік желілерде тараған күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желілерде 1-11 сынып оқушыларын ата-ана келісімінсіз COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы бұйрық шыққаны туралы хабарлама тарады. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды StopFake.

Ведомствоның хабарлауынша, мұндай бұйрық ешқашан болмаған.

"Осы жарияланымға қатысты кез келген профилактикалық егу, соның ішінде коронавирусқа қарсы вакциналау да ата-аналардың ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізілетінін хабарлаймыз. Вакциналауға жататын жасөспірімдердің тізімін жоспарлау және жасау процесінде келісім алдын ала жиналады. Осыған байланысты алдын ала жасалған тізім бойынша вакциналауға ата-анасы қол қойған келісімі бар балалар және ата-анасының қатысуымен ғана екпе салдыруға шақырылады", – деп түсіндірді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Оқи отырыңыз: Цой ақылы вакцинация қашан басталатынын айтты

Оның айтуынша, мектептерде мәжбүрлі вакциналау жүргізіліп жатқан жоқ. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің № 36 қаулысына сәйкес оқу мекемелерінде күн сайын кіру кезінде тексеру жүргізіледі. Мектептің барлық қызметкері термометриядан өтіп, кіреберісте қолын санитайзермен өңдеуге міндетті. Сабақ кестесі оқушылар бір-бірімен барынша аз байланыста болатындай етіп жасалады.

Ержан Байтанаев қазақстандықтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырды. Шынайы ақпарат алу үшін комитеттің ресми интернет-ресурсына, "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК" телеграмм-арнасы сияқты ресми дереккөздерге және Facebook, Instagram және YouTube әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарға жүгінуге немесе комитетке жазбаша сауал жолдауға болады.

1
далада сауда-саттық жүргізіп отырғандар

Сатушыларға заңсыз айыппұл салған 87 полицей жазаланды Бас прокуратура

1077
(Жаңартылды 16:27 27.11.2021)
Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда-саттық жасағандарды қандай жағдайда жазалауға болмайтынын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Белгіленбеген жерде сауда жүргізгендерге заңсыз айыппұл салған полицейлер мен әкімдік қызметкерлері жазаланды.

Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда жүргізгені үшін бизнес және азаматтарды жазаға тартудың негізділігін зерделеген. Олардың көбінесе заңсыз жауапқа тартылғаны анықталды.

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, сауда үшін арнайы орындар анықталған кезде ғана жауапкершілік белгіленеді.

"Оларды облыстық, қалалық және аудандық әкімдер анықтайды ("Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 27, 31-баптары). Алайда, көптеген өңірде мұндай орындар болған жоқ, бірақ адамдарға 12-ден 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынды", - дейді ол.

Мысалы, Жезқазған қаласында сауда орны белгіленбеген, бұған қарамастан кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның қолға алған шаралары бойынша 38 іс тоқтатылып, қалада сауда орындары анықталған.

Еліміздің басқа өңірінде – Ақмола облысының Зеренді ауданында прокурордың актісі бойынша сауда орындары анықталды. Жауапқа тарту туралы 26 заңсыз қаулының күші жойылды.

Жалпы прокуратураның шаралары бойынша 14 мыңнан астам заңсыз әкімшілік іс тоқтатылды, әкімдіктердің шешімімен еліміздің барлық өңірінде 4126 сауда орны анықталды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр.

Олқылыққа жол берген 87 полицей мен 26 әкімдік қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бас прокуратураның бастамасымен Сауда және интеграция министрлігі осы мәселені бақылауға алды.

1077
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанда рөлде ұйықтап кеткен полицей жол апатын жасады
150 мың теңге сұраған: көлікті себепсіз тоқтатқан екі полицей жұмыстан қуылды
Сыртынан жауып кеткен: полицей әйел өрт шыққан пәтердегі төрт баланы құтқарды
Коронавирустан 34 полицей қайтыс болды – Тұрғымбаев